Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3979 0 пікір 27 Ақпан, 2017 сағат 07:18

Ұлттық арна мен «Республикалық радиоға» директорлар тағайындалды

«Қазақстан» РТРК» АҚ  жүйесінде бірқатар кадрлық өзгерістер болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі телеарнаның сайтына сілтеме жасап.

Әшімов Асқар Тұрғанбайұлы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының директоры болып тағайындалды. Ол әр жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының бас режиссері қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ, «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Аймақтық даму дирекциясының директоры тағайындалды. Бұл лауазымға бұрын «Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстық филиалдарының директоры қызметінде болған Дүйсенов Арсений Кеңесұлы бекітілді.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының директоры қызметін осы уақытқа дейін атқарған  Ағыбаев Жанахмет Жәнібекұлы Атырау облыстық филиалының директоры қызметіне тағайындалды.

«2017 жылдың 24 ақпанындағы «Қазақстан» РТРК» АҚ Директорлер Кеңесінің шешімімен Мәди Манатбек «Республикалық радио» ЖШС-нің Бас директоры болып тағайындалды», – делінген хабарламада.

Мәди Манатбек 2012-2013 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ өндіріс жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. «Республикалық радио» ЖШС «Қазақстан» РТРК» АҚ-нан құрылған радио хабарларын тарату бойынша жұмыс атқаратын кәсіпорын және оның құрамына Қазақ радиосы, «Шалқар», «Астана», «Classic»  атты төрт радиоарна кіреді.

Сонымен бірге, Қоғамның аймақтардың дамуы жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары Ысқақов Ильяс Башарұлының және осы уақытқа дейін «Республикалық радио» ЖШС Бас директоры қызметін атқарған Өтеғалиев Досымбек Қонысбекұлының  өкілеттіктері тоқтатылды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2271
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3584