Сенбі, 23 Қараша 2024
Қырдағы әңгіме 5012 0 пікір 27 Ақпан, 2017 сағат 01:19

ЕЛБАСЫҒА ХАТ. «ҚҰЛДАН ДА БІР НАСИХАТ»

Құрметті Елбасы!

Мен бір жай ғана қоғамның мүшесі және Қазақстанның толық қанды азаматы, ұлттың жанашыры ретінде осы хатты жолдай отырып, өз ойымды жазбауға ар алдында, келешек ұрпақ алдында үндемей қалуға азаматтық намысым жібермеді. Сіздің әрбір жолдауларыңызды, халыққа, елге істеп жатқан еңбектеріңізді бағалаймыз және құптаймыз. "Құлдан да бір насихат" деген.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Қандай мемлекет, қандай ұлт болса да оның өзіндік болмысы, менталитеті және ұлттық ерекшелігі әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі болатыны табиғи құбылыс.

Айта кетер болсақ, ата заңда сол ұлттың, сол мемлекеттің, мемлекет құрушы ұлттың болмысымен менталитетін ұлттың ерекшеліктерін және де айтып өткен салт-дәстүрімен әдет-ғұрпын ескеру керек сияқты.

Дана халқымызда «Қыз бұзылмасын, қыз бұзылса, ұлттың бұзылғаны» және «Қызды қырық үйден тыю» деген сөз  бар.  Сондықтан, Ата-заңымыздың 12-бабының  4-тармағындағы шетелдіктермен некеге тұру мәселесін қайта қарауымыз керек. Былайша айтқанда, сол заңда қарастырылған 5-жылдан кейін Қазақстан азаматымен некеге тұрғандардың азаматтық алуын алып тастау керек. Қазақтың қызына немесе Қазақстандыққа үйленсе де, азаматтық бермеу қажет. Біздің еліміз «Проходной двор» болмауы тиіс. Қазақтың қызын алғысы келген жат жұрттық 100 000$ немесе одан да көп қазынаға ақша құйсын да еліне алып кетсін, бірақ азаматтық берілмесін!  

2011 жылы қазақстандық ұлт боламыз деп, бола алмай қалған соң, үш тұғырлы тіл саясаты енгізілді. Бұл да сол қазақстандық ұлт болудың алғы шарты сияқты. 

27-баптың 1-тармағына толықтыру енгізу керек. Яғни көп балалы отбасыларға, жағдайы төмен отбасыларға қалалы жерлерде тұрса, коммуналдық төлемдерін алып тастау немесе 50% төмендету тағы да сол сияқты отбасыларға әлеуметтік көмек бюджеттен қарастырылса дейміз.

Ата заңға толықтыруда, министрлерді тағайындауда олардың қазақ тілін еркін меңгергендігі және «папин сынок» , «мамин сынок» болмауы назарда болуы тиіс. Біздегі министрлердің басым көпшілігі тек қана жазып алған баяндамасын қазақша оқып берумен шектеледі.

Ең соңғы айтарым, Парламент депутаттарының өкілеттіктерін 7-8 жылдан асырмау керек сияқты. Өйткені "бармақ басты, көз қысты" осы жерден басталатын сияқты. Бұл кісілер тарих алдында да, халық алдында да жауап беретін азаматтарымыз ғой, былайша айтқанда еліміздің заң шығарушы азаматтары. Депутаттар өз мүддесінен халықтың мүддесін жоғары қоятын азаматтардан болғаны дұрыс болар еді. Бізде бірін-бірі қолдап, бірінің бетіне бірі келмеу, бірінің сөзін бірі жықпау т.с.с. жағдаяттар көп кездеседі. Сөйтіп, осы сыйластықтың арқасында халыққа қызмет етуді ұмытып бара жатқан сияқты.

Құрметті Елбасы! Мүмкін менің хатым сізге жетер, мүкін жетпес, ол жағы бір Аллаға аян. Біз қазақ болып туылдық, қазақ болып өлеміз, бізге орыс, неміс, кәріс немесе ағылшын болу жазылмаған. Сол үшін өз тілімізді, дінімізді, әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді сақтап, әлемге паш ете білгеніміз абзал. Біреулердің көшірме заңы, тілі, діні, салт-дәстүрі неге керек? Бұл менің арымның алдындағы азаматтық борышым деп жазып отырған ұсынысым.  

Құрметпен,

Құдайшүкір Рахматұллаұлы Абдуллаев

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354