Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Әдебиет 5713 1 пікір 24 Ақпан, 2017 сағат 12:32

САҒАДАТ ОРДАШЕВА. ЖЫРТЫС

Түсі оңған қызғылт түсқағаздың кіршең бетінде баттиып көзге түскен бір жапырақ қызыл матадан басталған әңгіме екі әйелдің кешкі құрғақ отырыстарына ерекше реңк беріп, Марвиннің қоңыздай ұсақ конструкторына алданған баланың да ойын сан саққа жүгірткен.

- Анау не? - деп бастады сабалақ иттің саусылдаған жүніндей үлпілдек шашы аузына түскен сары қыз.  Үй иесі сүп сүйір сирақтай тырнақтарын үстелге тыңқылдатқанын қоя салып, қабырға төбесіне ілінген қызыл шүберекке аз мұз телмірді.

- Шаң басыпты. Қап әй? Өрмекші де ұя салып үлгеріпті. Ол ма? Ол - Бекет атаның басынан келген жыртыс қой. Байсыз басы бос құрбысы ырқылдаған, бәлкім мырсылдағандай тұрпайылау дыбыс шығарды.

- Соған сыйынам де.

Байға тиіп, екі ұлды екі жыл қатарынан дөңгелеткен ақша жүзі бақша келіншек, әр жерінен ой қыртысты сай құламасы анық шалынатын көздерін үлкейтіп, ернін түртитті.

- Қойшы, бұл басқа тема. Біздің көзқарастарымыз келмейді ғой. Давай, не будем а?

- Иә, сол Төкеңді айтайық.

- Төкең деген ең жақсы тема.

- Так, ол маған үйленбейтін сияқты.

- Үйленеді, тек қана ақшасы жоқ. Той жасағысы жоқ. Жалпы, білесің ғой, қазір жастар ақылды, той жасағаннан гөрі, пәтер алмаймын ба деп, шағын бір басқосу жасай салады.

- Енді, мен әке шешеме той жасамаңдар деп қалай айтам.

- Ну, жасаңдар, бірақ, Төкең саған қарап жасамай тағы тұрмайды ғой. Ұят қой оған, намыс. Білмеймін, шын айтсам. Қайтесің, күтесің де.

- Иә... Тұрмыс құрып, бала сүйгім келеді, представляешь.

- Қайт дейсің? Жасың отызға таяды. Қиын әрине.

- Сонымен, сол матаға табынасың да. Осы түсінбеймін, табыну керек болса, сыйыну керек болса, пайғамбар бар емес пе? Сендер не, әркез табынатын біреуді тауып ала бересіңдер?

- Ну, дорогая, саған мұны түсіндіре алмаймын.

- Айтшы, матаны неге іліп қойдың?

- Мұны, көзім алайып аспанға қарағанда, Бекет атам есіме түссін деп іліп қойдым, - деді тыриған келіншек ақша бетіндегі бүкіл әжімді маңдайына жиырылып.

- Бекетті есіңе алып... О, тоба, Аллаһты есіңе ал.

- Бет аузын бес батпан шүберекпен ораған ана подругаңның әңгімесін айтпашы маған.

- Ну, енді сенікі дұрыс па, Бекетті есіме алам деп.

- Сол подругаң Арабиядан алған ғой ілімін. Айтпақшы, тіпті Арабияға барып келді.

- Иә, барып келді. Білесің бе, арабтар азғындап, рухани азып кеткен дейді. Намазды отырдым, дәретке бардым, шай іштім деген сияқты дағдымен оқиды дейді.

- Соның маған уағызын айтып жатсың ау. Ей, пайғамбар айтқан: "дін Арабиядан басталып, Арабияда бітеді" деп.

- Мәәә, шын ба не? Білмеген екем.

- Өздері извращенцы. Несін айтасың?

- Сенікі дұрыс болса, пайғамбарға неге жалбарынбайсың? Пайғамбардың дәрежесі мың артық қой. Ақша жүзі бақша келіншек, сойдиған тырнақтарымен иегін жасқап, терең күрсініп алды. Ұйпа тұйпа бұйра шашын сілкіп қалып, алдындағы тәтті бәліштен тістеді.

- Мен Бекет атаның басына барарда, іргемізде жатқан Есет атаның басына соқпасам, соқпаған болсам, үш сағат қаладан жырақта жатқан Абат Байтақ ата мен Досжан атаның басына бармасам, облыс іргесінде жатқан Уайс Қаранидің басына түнемесем Маңғыстау барғаным бекершілік болады.

- Ну и ну? Күлкіден сықылықтап рахаттанған құрбысы жатып қалды. - Қатырасың. Ал, бар бәріне, сосын не шығады?

- Мүйіз шығады. Сен, мысалы, айталық, Абай атаңды білесің ғой. Абайды жақсы демей, Абайды жаттамай қалай сен Руми, не болмаса Омар Хайям жақсы деп елді сендіресің? Әлемде, әлдекімді таныстырғанда "бұл қазақтың Абайы" деген теңеулерді естіген шығарсың. Сол сияқты, өміріңде жақсы адамды кезіктіріп, оның жақсылығын әспеттеп, оған құдайдан дұға тілеп, оның мәртебесін асырмайынша, сенен мың шақырым жерде жатқан пайғамбар қабірінің қадірін қайдан білесің? Қазақтар, қызық, Мекке баруға асығады. Пайғамбардың басына баруға асығады. Түркістандағы Яссауи бабамызға бару үшін Арыстан бабтың басына соғу керектігін білмейді бар ғой. Сол қарапайым қағиданы, мына мен білемін. Бақилық болған әке-шешесіне дұрыстап дұға жасап, садақа бермеген мұсылмандар Меккеге барып, пайғамбар басына барып тәу етеді.

- Тәу етпейді, құран бағыштайды.

- Білесің бе, бұл, туыла салып, "маған тимейдер, маған ана керек емес, мені құдайдың өзі емшек беріп асырайды, әке керек емес, мені Аллаһ жеткізеді, қалғандарың ширк" деумен бірдей ғой.

- Ужс, не деп кеттің?

- Ей, өліп қаласың бар ғой, өліп қаласың ғойІ Осыны айтқанда тыриған келіншектің бас сүйегіне жабысқан көктамыр ісініп, көзі бақырайып кетті. Сарғылт шашты құрбысының сарғыш реңкі бозара бөртіп, сап сары томпақ бауырсақтай дөңгеленген жүзінен күлкілер шашылып, жылтыңдап әр бұрышқа секірді. Манадан бері бармақтың ұшындай конструкторға алданған үш жасар бала, шашылған тиынның сыңғырын аулап, бөлме ішін кезіп жүгіре бастады.

- Өй, мынау қайтеді? Еркелеп жатыр. Күлкіңді ай сенің, - деп кейіді тыриған келіншек. Екі иығы кемсеңдеген кемпірдің қу сүйегіндей ілініп тұр кеудесінде. Омырауын ойып түсірген көйлек бәліштей болбырап, бүріскен емшегін салаң салаң еткізіп көзді арбайды.

- Әййй, "уу-ө-у-ө-өлііп қа-а-аласың" деп күштілеп, қырылдап айттың ғой. Ой, не могу. Байсыз байталдай жер тарпып, семіз денесі атып шығып, әлемді астаң кестең еткісі келетін құрбысының кеудесі іркіттей іркілдеп, жарылуға шақ қалды.

- Ну, уахабиттерді тыңдап тыңдап, миың бітеліпті. Солар ғой, ширк мирк дегенді шығарған.

- Ал, сен "Аққа", "Гәкку" сияқты бірдеңелерге кірмейсің бе?

- Жоқ. Ата бабам мың жыл табынған, ата бабамның мың жылғы ғұрпы бұл. Ал, ана, матаны бұлай ілгеніме күйеуім де күлген. Мен көз тиеді деп қызыл шүберек байлап, көз тағып қойғанға сенемін.

- Ширк қой бәрі, ширк.

- Иә, үйімде әлдеқандай әртістің портреті жоқ, сол ширк әне. Қайрат Нұртас, Дима Билан, Төреғали, тағы кім бар?

- Жаным, ол ширк емес.

- Не онда ол?

- Түсінесің бе, олардың көздері әдемі. Әндері қандай!!! Жақсы көріп ілгенде тұрған не бар?

- Ештеңе жоқ. Жәй әйшейін, үйіңе періштелер кірмейді.

- Ой, не надо. Мы с тобой, почему об этом болтаем.

- Саған о баста айттым ғой, керек емес көзқарасыма бас сұғып деп. Көздерін айтасың, көздерін ай деп. Ол көз емес, дамбалдың тесігі.

- О-о-ххоо, дамбалдың тесігі? О, неге дамбалдың тесігі? Сықылықтап күлгенде екі бетіндегі томпақ үйір қызғылттанып, көзінен жас ақты. Бұрыштан бұрышқа секірген бала "дамбалдың тесігі" деген сөзді естігенде қалт тұра қалды. Өзіне өте таныс сөзді естіген. Өткен түні шешесі түнгі пижамасын шешіп жатып, дамбалының тесіліп қалғанын көріп, "дамбал тесік" деп тесіктен қолын кіргізіп шошайтып, күлген еді.

-  Иә, дамбалдың тесігі. Ол тесік сиырда да бар. Ана сайға түсіп кетпейін, мына шұңқырға кіріп кетпейін. Мынау боқ па, мынау шөп пе деген.

- Мүлдем қуып кеттің. Давай, Төкең туралы айтайық.

- Төкеңді айтайық. Ал, менің үйімдегі қызыл шүберекке келген сайын шүйілме. Әркімнің өз стилі бар демекші.

- Қашан тұрмыс құрам сен құсап, а?.. Ну, шаршадым уже.

"Мама, дамбал тесік" деп  бұрышта отырған бала бұтын шешіп, екі томпағының ортасынан шүмәтәйі жалтыраған тесікті тоңқайтып көрсетті. Күлгенше күлдік.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048