ҚЫТАЙ НЕГЕ ҚОРҚЫНЫШТЫ ЕЛ?
Қытай мен Солтүстік Корея үшін дүниедегі бірден-бір жалғыз ақиқат есептелінетін марксизм тарихта адам қанына ең көп қарыздар теория. Бүгінгі күні қоғамның дамуына тұсау болып отырған ілім.
Қызыл империя тарихында «Сталиндік қуғын-сүргін», Қытай тарихында «Мәдениет төңкерісі» атымен қалған жазықсыздардың жаның жалмаған қанды тарихты ешкім ұмытпайды. Бұл қанды қырғынды болғызған марксизмнің «Таптық көзқарас ілімі», «Пролотариат диктатурасы» ілімі болатын.
Мәліметтерге қарағанда Қызыл империя кезіндегі саяси құрбандардың саны Шар патша дәуіріндегі саяси құрбандардың санынан 16 мың есе көп болған. Қытайдағы «Мәдениет төңкерісі» мәдениетті құрту, зиялыларды жоғалту, таптық күреспен ғана шұғылданып, өндірісті қайырып қою, қытай мемлекеттіне өлшеусіз зиян әкелді. Адамдардың бойына ғұмыр бойы өшпейтін үрей салды.
ХХ ғасыр әлем үшін өркениетке, демократияға жол алған дәуір болса, макрсизмдік көзқарасты ұстанған социалистік түзімдегі елдер дара биліктің шырқау шыңына ұмтылды. Кісілік құқықты түншықтырған тоталитарлық жүйе қалыптастырды. Бұның түп себебі: Пролотариат табының үстемдігіне табанды болу, мемлекетті таптық үстемдіктің құралы деп тану. Ақиқаттың біреу ғана болуы керек деп білді. Болмыстың сананың билеуін ақиқат деп танитың марксизмдік көзқарас қалыптасты. Бір партиялық үстемдіктің шексіз билігі салтанат құрды. Бір партия мәңгілікке дара билікке ұмтылды. Бір партияны бір адамның билеуі патшалық үстемдікті қалыптастырды. Бұған шегіне жетіп құлаған КСРО мен бүгінгі Қытай, Солтүстік Кореянаның саяси жағыдайы дәлел.
Бұл ілім Орыс пен Қытайға ұсақ ұлттарды қалағанынша билеп төстеуіне тамаша құрал еді.
КСРО-нің негізгі заңында одақтас республикалардың өзін-өзі билеу құқығы бар. Қажетті кезде бөлініп шығып, дербес мемлекет болуға құқықты деп жазылғанымен одақтас республикалардың орыстанып кетуі себебінен бұл мүмкін жағдай емес еді. Тіпті, өзін-өзі басқару құқығы бола тұра Мәскеу Қазақстанға орыс ұлтының өкілін басшы етіп тағайындағанын білесіздер. Бұл сол кезде орыс ұлтының үстемдігін анық көрсетеді. Бұл ұлттың, діндің, тілдің жойылатын табиғи құбылыс ретінде танытқан маркстік көзқарастың жемісі болатын.
Олар одақтас республиканың жерін, байлығын қалағанынша басқарып, таран-таражылады.
Қазір бұл жағдай Қытайда қайталанып жатыр. Ұлттық районның жеріне Қытай ұлтын қаптатып, ұлттық районның жерін, байлығын қалағанша басқарып, социалистік жалпы меншік ұғымын алға тартып, жекеменшік ұғымын өшіріп, жергілікті ұлттардың санасынан өз жеріне иелік ету санасын жойып жіберді. Социалистік қоғамда басты өндірісі бар жер жалпылық меншікте болады. Үкімет халық атынан жерге иелік ету құқығын жүргізеді. Үкімет билігі - Партияның қолында. Партия қайсы ұлттың партиясы болса, жердегі байлық та сол ұлттың қолына шоғырланады. Маркстің жалпылық меншік түзімі Қытай мен орыстың іргелес ұлттардың жерін отарлаудың, байлығын тоңаудың баса көктеп билеудің негізі, жаңа тәсілі болды.
Марксизм құдайсыздықты дәріптеп, адамдар бойындағы ізгіліктің түп-қайнары, имандылықты жойғандықтан, қоғамды іріп-шіруге кіріптар етті. Бұған бүгінгі Қытай қоғамындағы шенеуніктің бәрі жемқор екенін дәлел ретінде айтуға болады. Бұл жерде саяси жүйені кінәлап қоя салмау керек. Жеке тұлға ретінде имандылықтың болмауы нысапсыздыққа жол ашатынын да ұмытпауымыз керек.
Марксизм қазіргі Қытай халқының санасын тұншықтырып жатыр. Марксизмнің ақиқат саналуы қоғамдық сананы тұншықтырады. Адамдардың нені сөйлеу, нені ойлау кежетіне дейін айқын шек қойылады.
Неше мың жылдық тарихы бар экономикалық қуаты әлемде 2 орын алатын Қытайдың бүгінгі дүние-ғылым техникасында тың жаңалық жасай алмауы мұның айқын дәлелі. Қазір Қытайда Чян Чуесин мәселесі жиі талқыланады. Чян Чуесин кезінде Америкада оқыған, атом физикасын зерттеген, Қытай ұлтынан шыққан ғалым. Қытай атом бомбасын жасаушы. 1997 жылы 98 жасында дүниеден өтті. Емханада ауырып жатқанда, сол кездегі Қытай премьер министрі Ун Жябау көңілін сұрай барғанда неліктен қытайда мен сияқты ғалым әліге дейін жарыққа шықпайды, мен бұған алаңдаймын деген ғалым ақсақал. Бұл сөз Қытай қоғамында өте үлкен резонс тудырды. Арнаулы Чян Чуесин мәселесі ұғымы ғылыми айналымға түсті. Қытай қазір бар дүниенің көшірмесін жасаумен дүниеге әйгілі. Билік қаншалықты жаңалық жасауды алға қойғанымен нәтиже жоқ. Оқу ағарту саласы да тығырыққа тірелді. Бұлардың түп себебі марксизмдік көзқарастың ой еркіндігін шектеуінен болып отыр.
Орыс пен қытаймен іргелес өмір сүрген ұлттардың қан қарызы - марскизмде. КСРО неліктен ыдырады? Бұл батыс мәдениетінің макрсизмді қабылдай алмайтындығының нәтижесі. Батыс мәдениеті ашық және жасампаздыққа еркіндікке толы мәдениет. Белгілі бір назарияның толықтай үстемдігін қабылдай алмайтын мәдениет.
Орыстар Николай патша кезінде бастап батыс мәдениетін қабылдады, қалыптастырды. Өздерін "батыстықтар үшін шығыспыз, шығыстықтар үшін де шығыспыз" деп айтатын орыс мәдениеті ақыры марксизмді ығыстырып тынды. Ал ежелден шығыс мәдениетің бесігі саналатын Қытай қоғамы тарихтан бері жабық, томаға түйықтық мәдениет ерекшілігін қалыптастырғандықтан марксизмді қабылдады. Сондықтан марксизмнің қылымысы әлі жалғасуда. Солтүстік Корея жөнінде ауыз ауыртудың қажеті шамалы.
Ағыбай Бұғыбайұлы
Abai.kz