АҚШ-та тұтқында отырған қазақ баласы Жандос Бақытбекұлы: «Кінәсіздігімді дәлелдеуге өз елім немкетті қарауда»
Қазақтың бір құлыны мұхиттың арғы жағында жала жабылып жазықсыз қамауда жатыр. Өзінің қандай «қылмыс» жасап қойғанын Жандос жаны шырқырап төменде ашық жазып отыр.
АҚШ полициясының Жандосты тергеуге алғанына он шақты күннен асып барады. Алайда, жанашыр жақындары мен достарынан өзге тырс етіп үн шығарған қазақ қауымы көрінбей тұр. Бізден басқа елдің бір азаматы тап Жандос сияқы кепке ұшырап қалса, саяси партияларынан бастап қоғамдық ұйымдары мен қозғалыстар, белгілі тұлғалар ара түсіп араша сұрап жатады. Баспасөзі әлемді шулатып жібереді. Ал, біздікі не үнсіздік? Не деген бейғамдық? Неткен немкеттілік?!.
Осы сауалдарды қоя отырып біз Сыртқы істер министрлігін, Білім және ғылым министрлігін, қазақ баспасөзін, жастар мен студенттердің ұйымдарын белсенділік танытып, Жандос бауырымыздың тағыдырын тәлкекке салмау үшін әрекет жасауға шақырамыз.
Бір қазақ - бар қазақ, бар қазақ - бір қазақ!
«Абай-ақпарат».
Жандостың хаты:
Қазақтың бір құлыны мұхиттың арғы жағында жала жабылып жазықсыз қамауда жатыр. Өзінің қандай «қылмыс» жасап қойғанын Жандос жаны шырқырап төменде ашық жазып отыр.
АҚШ полициясының Жандосты тергеуге алғанына он шақты күннен асып барады. Алайда, жанашыр жақындары мен достарынан өзге тырс етіп үн шығарған қазақ қауымы көрінбей тұр. Бізден басқа елдің бір азаматы тап Жандос сияқы кепке ұшырап қалса, саяси партияларынан бастап қоғамдық ұйымдары мен қозғалыстар, белгілі тұлғалар ара түсіп араша сұрап жатады. Баспасөзі әлемді шулатып жібереді. Ал, біздікі не үнсіздік? Не деген бейғамдық? Неткен немкеттілік?!.
Осы сауалдарды қоя отырып біз Сыртқы істер министрлігін, Білім және ғылым министрлігін, қазақ баспасөзін, жастар мен студенттердің ұйымдарын белсенділік танытып, Жандос бауырымыздың тағыдырын тәлкекке салмау үшін әрекет жасауға шақырамыз.
Бір қазақ - бар қазақ, бар қазақ - бір қазақ!
«Абай-ақпарат».
Жандостың хаты:
«Менің жайымды көбіңіз білетін боларсыздар, жазықсыз жазаланып отырғандығым да біразыңызға белгілі екені анық. Иа, мақсат жетелеп, Америка еліне барып, қайтатын уақыт та жақындап қалған кезде, америкалық "стратегтердің" ауына қармақсыз ілініп қалдым. Америка мені жібергісі келмеді ме, теңіз самалы кері есті ме, қайдам, қайдан шыққаны белгісіз, екі қыз маған тапа-тал түсте "осылай жасадың" деп, адам сенгісіз жала жауып кетті. Менің бар ойым оларға көмектесу болып еді ғой...
Тамыздың бір жайма шуақ күні, "Magic Forest" аталатын паркіндегі кезекті жұмыс күнінде "Slide", қазақша айтқанда, "сырғанақ" деген аттракционда жұмыс істеп жатқан едім. Түскі ас уақыты да келіп, 25 минуттық күнделікті үзіліске шықтық. Бір Аллаһым бетін ары қылсын, бұлдап отырған жайым жоқ, Рамазан айында ораза тұтып жүргендіктен, тамақ ішпеймін, сосын достар бірігіп, футбол жайлы сөйлесіп отырғанбыз. Сағат 12.10 шамасында кенет мені бастығым шақыртты, мейлі деп артынан еріп отырдым. Келе жатқанымызда бастығым Shelli маған: "Сен бір қыздың ұятты жеріне қолыңды сұғыпсын ғой",- деді. Шатастырып алған болар дедім де, таңқалысымда шек жоқ, сыртқа шықтым. Парк сыртында 5 минуттай тұрған соң, мән-жайды толық сұрамастан, көп күттірмей мені полиция машинасы келіп, алып кетті. Ойымда жаман ой жоқ, қарсыласпадым. Бөлімшеде менен не болғаны жайлы анықтама алды, кешке дейін сонда болдым. Жанымда досым болатын. Кеш ауа ойымызда ертеңгі күн, "үйге қайтамыз" ,- деп сұрасақ, жібергілері жоқ. Мен сонда қалдым, ертеңінде ғана мені тұтқындағандықтарын білдім.
Сондағы менің жазығым, сол сырғанақтан сырғанауға арналған кенеп қабына дұрыс отырмай, төмен құлап бара жатқан қызды аяғынан ұстап, артқа тартып дұрыс отыруына көмектескенім. Ал ол қыздың полиция қызметкеріне берген анықтамасын көрсеңіз... Жағаңызды ұстайсыз! Мен жағамды ұстай-ұстай ақ жағам қарайып кетті...
Мен қазір өз кінәмнің жоқтығын дәлелдеу қамын жасап жатырмын. Барлығы да бір Аллаһтың қалауымен, менің де, маған қол ұшын беріп жатқан адамдардың іс-әрекеттері оған тек себепкер ғана болып қалады. Қыркүйек айының 30 күні сот болады. Сол кезде кімнің ақ, кімнің қара екендігі таразыға салынады. Бірақ қыстың қамын жаз ойлау керек. Төрелік сотта, шешімді төреші шығарады, ал оның бүйрегінің басқа жаққа бұрыла салмасына кім кепіл?!
Мен жатпай-тұрмай ізденіс үстіндемін. Бірақ жоғарыда отырған аға-апайлар менің жайымды біле тұра, көп көңіл аудармауда. Ешкімге лажым жоқ, ешкімге де қатты айтудан аулақпын, оған менің құқығым да болмақ емес. Бір айтарым, осыған жауапты органдардың маған көмекке қол ұшын бергендері шамалы күйінде қалуда. Бір жақ, "біз сізге көмектесейік",- десе, бір жақ мүлдем салғырттық танытып отыр. Мен Аллаһ Тағаладан басқа ешкімге жалынбаймын, ешкімнен де тіленіп көмек сұрамаймын да. Дегенмен де, ел жүгін арқалап отырған аға-апайлар шетелдегі ұлдарыңыз - менің халіме бейқам қарап, жүн көрпені жылы жамылып жатқандарыңыз мені таң қалдырады. Отандық БАҚ өкілдерінің интернет пен газет беттеріндегі мақалалары бос, мылжыңға бергісіз сөздермен табалауға ғана шамалары жетті. Тіпті, "Жандос кінәсін ішінара мойындап отыр" ,- деп жеткізгендер де бар, қалай қолдарыңыз ерік берді мұндайға?..
Менің айтарым, осы мақала-мендегі бар шындықтың көзі. Ішінен кінә, кінәға ұқсар объект тапсаңыздар, қиялдарыңыз жақсы дамыған екен деу ғана қалды менде!
Тарихты әйгілеп, еліміз егемендік алды. Шаңырақ түзеліп, тәуелсіздік туын да желбіретіп, еңселі ел болғанымызға да 20 жылдай боп қалыпты. Ер намысын қамшылай алатындай кез келді ғой, неге сол атам қазақ тұқымының бір тұяғына жөнді көмек бере алмаудамыз?!
Мен - қазақпын! Қаным- қазақ, жаным қазақ деп жар салады жүрегім. Мені білетін кез-келген адам менен асқан патриоттардың да аз екенін біледі. Әттең, жауырыным жерге күрессіз тимей тұрғанда...
Ендеше, қасиетті Рамазан айында ораза тұтып жүргенімде маған жабылған жала отын сөндіруге неге қол созбайсыздар?! Махамбеттер қайда қазір, батыр өлді деп, ұрпақтары жер иіскегені ме бұл?!
Бұл мақала бәріңізге болмаса да, біріңізге ой салады деген үмітім басым!
Жандос Бақытбекұлы, 11 қыркүйек 2010 ж. АҚШ Лейк-Джордж қаласынан»