Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4509 0 пікір 15 Ақпан, 2017 сағат 12:31

ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАР АТЫНАН ЕЛБАСЫҒА АШЫҚ ХАТ

Қазақстан  Республикасының

Президенті Н.Ә.Назарбаевқа

АШЫҚ ХАТ

       

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! 

ҚР Конституциясының 26-бабына өзгерту енгізуге байланысты желтоқсандықтар өзінің алаңдаушылығын білдіреді. Өйткені, Сенат спикері Қасымжомарт Тоқаевтың мына сөзі БІЗДІ түсінбестікке алып келді.

Қ.Тоқаев: «...В предложенных Главой государства поправках к Конституции содержится еще одно принципиальное нововведение: право частной собственности на любое законно приобретенное имущество предлагается распространить на каждого человека, находящегося на территории нашей республики, независимо от того, к гражданству какой страны он принадлежит или же является лицом без гражданства. Данное положение - это результат положительной эволюции нашего общества, которое признает свою принадлежность к глобальному сообществу цивилизованных стран».

Экономикалық жағынан қарағанда бәрі дұрыс сияқты. Бірақ, оның саяси жағын - Қазақстанның алып екі империяның ортасында отырғанын, Сенат спикері ұмытып кеткен сияқты.

Кезінде, отырықшылдықты, ал екіншілері көшпенділікті жақтап Алаш қайраткерлері екіге бөлінген. Оның Бөкейханов бастаған жағы: отырықшылық дұрыс – өркениет, бірақ, ондағы жер беру нормасы қазақты жерден айырып тынады деп әзірше көшпенді бола тұруымызды құптап, елге дұрыс жол сілтеген еді. Ол ХХ ғасырдың басында өз нәтижесін берген де болатын. Бірақ, большевиктер мұны қастандықпен бұзып, жарты халқымызды қырғаны өз алдына, оңтүстік пен солтүстік аймақта қазақты құнарлы жерлерден айырып тынды. Осының зардабын әлі көрудеміз...  

Біздіңше жерді ашық саудаға салу (26 бап) әлі ерте. Азаматтық қоғам әлі жетіліп, толысып үлгерген жоқ. Ең алдымен, билік басында отырған Қ.Тоқаев бастаған азаматтар түсінбейтін сияқты...

Осы жерде Алаш азаматтарының мына сөздерін Өзіңіздің есіңізге сала кеткіміз келіп отыр.

«Алашқа аты шыққан адамдар! Көсемдіктеріңді адаспай түзу істеңдер! Сендер адассаңдар – арттарыңнан алаш адасады; арттарыңнан ергендердің обал-сауабына сіздер қаласыздар» (Ахмет Байтұрсынұлы).

«Әр ұрпақ өзіне артылған жүкті жетер жеріне апарып тастағаны дұрыс, әйтпегенде болашақ ұрпағымызға аса көп жүк қалдырып кетеміз. Кейінгі ұрпақ не алғыс, не қарғыс беретін алдымызда зор шарттар бар» (Әлихан Бөкейханов).  

Құрметті Елбасы!

«1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетті. Олар жүз жылға жуық уақыт бойы халықты казармалық тәртіпте ұстап келген тоталитарлық жүйенің алдында бірінші болып, айылдарын жиған жоқ. Жастар бұдан әрі кез-келген ұлтқа тән мақтаныш сезімін қорлауға жол бермейтінін өз халқының атынан ашық мәлімдеді», – деп Өзіңіз баға берген желтоқсандықтар. 

«Желтоқсан» Республикалық-отаншылдық қозғалысының төрағасы К.Отарбаев 

 


Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5467