Жұма, 29 Наурыз 2024
Қоғам 6041 0 пікір 2 Ақпан, 2017 сағат 16:16

ТРАМПТЫҢ ЖОБАСЫ: ҚАЗАҚСТАН БА, ҚЫРҒЫЗСТАН БА?..

Төмендегі әңгімеміз АҚШ Президенті Д. Трамп көмекшілерінің саяси сауатсыздығы төңірегінде болмақ.

AFP 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі террористік оқиғаға жауаптылардың базалары бар мемлекеттер қатарына Мысыр, Кувейт, Ливан, Пәкістан, Сауд Арабиясы мен Қырғызстанды кіргізген.

Алайда АҚШ Президенті әкімшілігіндегі қызметкерлердің саяси сауатсыздығы ма, әлде AFP-тің қателігі ме, әйтеуір Тәуелсіз Қазақстан Республикасының шекарасы сызылған картаға «Қырғызстан» деп жазылыпты. Алайда Инфографика көп тұрмай жатып, жіберілген қате түзетілді.

АҚШ-тың жаңа сайланған Президентінің қисық-қыңыр мінезді екені жұртқа мәлім. Бұл Доналд Трамптың саяси қитұрқылығы ма, әлде Дүниежүзінде жер көлемі жөнінен 9-орынды алып жатқан, экономикалық әлеуеті жөнінен Орталық Азиядағы ең ірі мемлекет саналатын Қазақстанды көршілес жатқан Қырғызстанмен шатастырып алатындай, жиренсары Доналдтің құзырындағы АҚ үй әкімшілігіндегілер  соншама сауатсыз ба?! Бұған қатысты АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі не айтады екен деп, біз елшілікке хабарластық.

Ондағылар болған-жайды жазбаша жолдауды және алдымыздағы аптаның ішінде біздің сұрақтарымызға қатысты толық әрі нақты жауап берілетінін айтты. Оны да күтейік.

Айта кетейік, жақында АҚШ Президенті Доналд Трамптың жеті бірдей мұсылман мемлекеттерімен қарым-қатынас орнатуға тыйым салғаны туралы Батыс басылымдары жарыса жазуда.

Дәлірек айтсақ, Доналд Трамп Иран, Ирак, Сирия, Судан, Ливия, Йемен және Сомали елінің азаматтарына (еңбек мигранттары) АҚШ аумағында 90 тәуліктік шектеу қойған.

CNN сарапшысы Фарид Закария бұны Доналд Трамптың жеке бизнесімен байланыстырады.

Закарияның айтуынша, қара тізімге кірген елдердің бірде-біреуінде Трамптың инвестициялық жобасы жоқ көрінеді.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1564
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2260
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3539