Нұра Матай. Баяғы акция, сол акция...
Кеше Алматыда мемлекеттік тілді қолдау акциясы өтті. Табаны күректей 21 жыл бойы зар қақсап, жағымыз талмай айтып келе жатқан тіл мәселесінің бүгін, ертең шешіле қалатын түрі көрінбейді. Шешілгені былай тұрсын, жұрт қазақ тілінің мәселесіннен жалыға бастаған сыңайлы. Былтыры өткен мемлекеттік тіл акциясына жиналған жұрт Республика сарайына сыймай кеткенін көзіміз көріп еді. Биылғы акция жетім қыздың тойындай болды...
Медицина университетінің конгресс-холында өткен акцияға бірнеше жүз адам ғана жиналды. Тоңған торғайдай болып үрпиісіп отырып, тіл мәселесін жиын сайын айтатын ағалардың сол баяғы сөзін тыңдап тарқасты. Акцияны ашқан Мұхтар Шаханов: «Бізде кінә жоқ. Қайтеміз енді? Қолымызда я билік я ақша жоқ. Әркім үйінде жата берсе, ұлттың жай не болмақ?!», деп нали сөйледі. Күймегенде қайтеді енді. Мұхтар Шаханов сөз арасында үш жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан акция өтер уақытта қала әкімшілігі жағаласып, дәл осы күнге қала күні мерекесін атап өтіп келе жатқанында айтты. Екі бірдей жоғарғы оқу орны студенттерін тіл туралы акцияға барсаңдар, оқумен біржола қош айтысып кетіңдер деп, жатақханаларын күзетіп отыр екен дегенді де Шахановтың аузынан естідік. Естір құлақ болса. Кіммен қорқады? Ана тілінен бе?...Сұрақ ит басына төгіледі. Әу деген жауап жоқ. Міне, біз осындай елміз қайтесіз енді...

Қойшы, әйтеуір жиналып қалған екенбіз осы азғана адамның ана тіліне деген құрметіне қылау түспесін дегендей акцияда басталды. Бірақ... Сол баяғы бірақтан шығады ғой. Былтыры сөйлеген зиялы топ биыл тағы көсілді. Тағы сол ұсыныс. Тағы да сөз, тағы да ұран. Әркім қазақ тілінің мәселесін жалғыз өзі шешіп тастағысы келетін сияқты әсер қалады екен. Тіпті, ойын өлеңмен өрнектеп жеткізгендердің де саны біразға жетті. Сөздің тізімінде жоқ бір көкеміз шығып, Алматыны бір өзі қазақ тіліне көшіріп жүргенін жыр ғылып айтты. Тұқырайып тыңдадық. Қой дейтін адам жоқ. Биліктің өкілі - мәдениет министрлігі тіл комитетінің төрағасы Бауыржан Омаров мырза мемлекеттік тіл мәселесі жақын уақытта шешілуі, әй, қайдам, екіталай бірақ ұсыныстарыңызды биліктің құлағына жеткізейін деп уәде етіп ол кетті.
Қойшы, әйтеуір, ән айттық, өлең оқыдық, жеңілдеп бір көсілдік сонымен президенттің, парламенттің, үкіметтің, қазақтың атына тағы бір ашық хат қабылдап тарқастық. Төрт сағатқа созылған ана тілінің акциясы сонымен тәмәм болды. 2011 жылы күзде кездескенше қазақтар...
Көргеніміз, түйгеніміз осы болды.
"Абай-ақпарат"