Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 4224 0 пікір 28 Қаңтар, 2017 сағат 20:41

ҚЫТАЙЛЫҚТАР САПАРБАЕВТАН КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ЖАБЫЛЫП ҚАЛМАУЫН СҰРАДЫ.

Қытайдан келген 3-ші дəрежелі қызметкерлерін ұстап, қазақстандық жұмысшыларды қысқартқан Чжан Цзюнь жауап бере алмай састы. Бүгін Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев "Ұлы Қабырға" мұнай компаниясының бас директоры Чжан Цзюнь жасаған жұмыс есебін тыңдауға барды. Өткен жылы құрдымға кеткелі тұрғандығы айтылған компания тағы  бір жыл  ішінде ештеңе жасамаған болып шықты.

 Əкім еш жұмыс жасамай, қызметкерлерін қаңғытып жіберген компания басшысын сынға алды.

"Жұмысты жақсарту, жұмысшылар жалақысын көтеруге қатысты келісімшартқа отырдық. Келісімдегі 10 бөлімнің 6-уы орындалмаған. Компания басшысына бірнеше рет ескерту жасалынды. Өткен жылғы шығын 1 миллиардтан асқан. Шығындарды талдау керек. Келісім-шартты орындамаса,  онда мойнына неге алады? Үш жақты келісімнің 60 пайызы орындалмаған. Бізде "дағдарыс" деген жақсы сылтау бар. Дағдарыс тек сіздерге келді ме? Қалған мекемелер жолын тауып жатыр. Бұрғылау жұмысына қарап отыруға болмайды.

Егер бұл компания осындай қиындықтар туғызатын болса, бізге керек емес. Ақтөбе бұл компаниясыз құлап қалмайды. Экономикалық жағдайын жақсартпаса, жабу керек. Біз жылда осы компаниядан қысқарған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз. Компания жұмысшы жағдайын жақсартпаса, бізге керек емес", - деді облыс əкімі.

 

 Облыс əкімі нақты сұрақтарға жауап бере алмай сасқалақтап, күмілжіп қалған қытай компаниясының басшысына ескерту жасады. Компанияда жұмысшыларды қысқарту екі есеге азайған. Мыңдаған қазақстандық мұнайшылар қысқартуға ұшырап жатқанда, компанияда үшінші дəрежелі қытайлар əлі жұмыс жасап жүрген болып шықты.

"Қазақстандық жұмысшылар қысқартылып жатқанда, неге шетелден үшінші, төртінші дəрежелі жұмысшылар əкелінеді? Мұны қою керек.  Егер Ақтөбеде жұмыс жасағыларың келсе, жұмысшыларды қысқартуды қойыңыздар", - деді облыс басшысы. 

 

Сайтқа әзірлеген Нұрcұлу Найманова.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364