Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 4791 0 пікір 23 Қаңтар, 2017 сағат 16:36

ДИНАРА БАҚТЫБАЕВА НЕ СЕБЕПТІ ҚҰРБЫСЫНЫҢ ЖІГІТІМЕН ТӨСЕКТЕС БОЛҒАНЫН ТҮСІНДІРДІ!

Актриса “Желіде” фильміндегі кейіпкері туралы айтып берді. Мұнымен қатар, адам баласының өзіне лайық жандарды жолықтыратынын тілге тиек етті. Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Динара Бақтыбаева жуырда көрерменге жол тартатын “Желіде” фильмінде басты рөлдердің бірін сомдады. Ол аталған туындыда жағымсыз кейіпкердің рөлін ойнады. Десе де, актриса шынайы өмірде бұл кейіпкермен еш байланысының жоқ екенін айтып жатыр.

- Динара, сен адалдықты аса пір тұтпайтын кейіпкердің рөлін сомдап көрдің. “Желіде” фильмінде сенің кейіпкерің өзінің құрбысының жігітімен төсектес болады. Мұнымен қатар, өзінің де жігіт бар еді.

– Психоаналитик  Фрейд айтпақшы, менің кейіпкерімнің бойында бала күнінен келе жатқан комплекстері болды. Яғни өмір оны дәл осындай жаман адам болуға үйретті. Кез келген әрекетті түсіндіруге болады.

 

– Меніңше, сенің кейіпкерің ойдан шығарылмаған. Бүгінгі таңда ар-ұят мәселесі көмескіленіп қалған сыңайлы. Сен қалай ойлайсың?

– Иә, мен келісемін. Қазіргі заман қыздарында белгілі бір комплекстер бар сыңайлы. Оның үстіне белгілі бір сұлулық стандарттары, мінсіз қыздар сынды ұғымдар бар. Әр адам дәл осындай болғысы келеді. “Мен бұдан да жақсыға лайықпын” деп өзінің сүйіктісін келесі бір адаммен салыстыра бастайды.

 

– Мұндай жағдай сенің басыңнан өткен бе?

– Мұныңыз жымысқы сұрақ болды. (Күлді.) Жоқ, мұндай жағдайға тап болған емеспін. Мені қоршаған ортада дәл осындай адамдардың жоқ болғаны үшін жаратқанға шүкіршілік етемін. Бірақ шынайы өмірде болған оқиғаларды көп естідім.

 

– Бұған жігіттердің де белгілі бір үлесі бар екенін мойындауымыз керек емес пе? Олар қыз-келіншектерді аса бағаламайтын болып кетті. Бәлкім бұған біздің “тәуелсізбіз, мықтымыз” деп кеуде қаққанымыз себеп болған шығар?

– Меніңше, осындайда “Апама жездем сай” деген мәтел орынды айтылған. Жан-дүниең қандай болса, соған лайық адамдармен жолығасың. Тәрбиелі, адал адам болуға тырыссаң, сенің де серігің дәл осындай адам болары анық.

 

 Сайтқа әзірлеген Нұрсұлу Найманова.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446