Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4639 0 пікір 19 Қаңтар, 2017 сағат 12:30

"ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР"

Қоғамда болып жатқан кез келген селт еткізер оқиғаларға байланысты атой салып шыға келетін қазақтар бар екені рас. Мен оларды «өрт сөндірушілер» деп атаймын. «Ойбай, қазақтың қыздары балаларын әжетханаға тастап кетіп жатыр екен, қазақтың қыздары қытайға күйеуге шығып жатыр екен, оларды біреулер сатпақшы екен, қазақтың қыздары мас болып қалыпты, төбелесіп жатыр екен, біреуді біреу ұрып кетіпті және т.б. оқиғалар болып жатыр екен», - деп атой салып шығатындар жетіп артылады. 

Мен білетін Бас «өрт сөндірушілердің» бірі де бірегейі - Геройхан Қыстаубаев досым. Оның соңғы рет су шашатын шланганы сүйреп жүргенін Астана қаласындағы неке агенттігіне қатысты даудан көруге болады. Қара аспанды қапылтып, ұлтқа қауіп төнді деп аттандауда. Құрметті «өрт сөндірушілер», сәл-пәл демдеріңді басыңдар. Ешқандай да «өрт» болып жатқан жоқ. Барлығы да өз орыныда. Қазақ қыздарын қытайға «пачкалап» ешкім де сатып жатқан жоқ. Бірең-сараң қазақ қызы өзге ұлттарға күйеуге шығып жатыр екен деп ауыздан ақ көбікті ағызудың да жөні жоқ.

Ата-анасының тәрбиесін көрген, ұлттық мәдениетті меңгерген, білімді, ақылды, инабатты қазақтың қызы - алтынмен көмкеріп қоямын десе де өзге ұлттардың жігіттерін таңдамас еді. Ал ұлттық тәрбиеден жұрдай, көк қағаздың шетін көрсе не істеп, не қойғандарын білмей қалатындардың жолдары ашық. Қазақ одан кеміс болып қалмайды. Ондай «шіріген жұмыртқалар» өте аз ғой. Қазақтың басым бөлігі үлгілі отбасын құрып, ұрпақтарын ұлттық тәрбиемен сусындатуда. Бір ананың өзінен ала да, құла да туып жатады. 10 миллионнан асатын халықтың арасынан бірең-сараң жолдан тайғандар шыққан екен деп соншама неге таусыласыңдар? Қазақтың бүгінгі қалпы, ертеңгі болашағы олар емес. 

«Жаратушы ешкімді де дәл қазақтар сияқты дарынды жандардың көптігімен жарылқамаған. Өкінішке қарай, қазақтар мұны нашар түсініп, көп жағдайда өздерінің дарындарын босқа шашып жіберіп жатады», - деп өкініш білдірген болатын қайран Гераға («Казахское слово», Алматы, 2009, 642-бет). Сол қазақ ешқайда кеткен жоқ қой. Онда неге «жылай» береміз? Осыдан былай шланг сүйреп жүргендеріңді көрсем, әлім келгенше су жүрмейтіндей қылып шлангты басып тұрамын. Маған көмектесетіндер де көп болатынына сенімдімін. 
Қысқаша – осы.

Достық ниетпен Нағашыбай Есмырза

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5489