Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Білгенге маржан 12913 0 пікір 19 Қаңтар, 2017 сағат 01:50

ӘР ЕЛДІҢ САЛТЫ БАСҚА!

Естімеген елде көп. Әлемнің әр түкпірінде өтетін жас жұбайлардың үйлену тойы әр-түрлі дәстүрлерімен ерекшеленеді екен. Назарларыңызға ең қызықты дәстүрлер топтамасын ұсынамыз.

Бали. Үйлену тойлары бұл жерде ең қиыны! Жас отбасылар шаңырақ көтермес бұрын тырнақтарын түгелдей алып, тазарады. Наркоздың көмегінсіз пышақтын көмегімен алып тастайды. Аяқталған соң толық тазарып, құмға аунайды. Балилықтардың той рәсіміне тек әйел қауымы қатысады. Еркектер түнімен той жабдықтары мен киімдерін дайындап, демалады.

Руанда. Тайпалықтардың жағдайы қызық. Некелесіп болған соң, қалыңдық қолына түскен затпен күйеуін ұрады. Келесі күні ата енесінің үйіне барып, қайтадан сол жағдай қайталанады. Бір апта себепсіз ұру жалғасады. Бұл екі ортаның шыдауы мен жанжалдаспау үрдісі болып саналады.

Кения. Дәстүр бойынша Африкалықтардың қызын алушы жігіт бал айы аяқталғанша қыздардың киімін киіп жүру керек. Сезімін білдіру есебі.

Македония. Жас жұбайларды қораның ішіне орналастырып, сыртына аяқ киім мен бас киім іліп қояды. Бірінші қол жеткізген адам болашақта отбасының тірегіне айналып, басқарады. 

Австралия. Үйленуге дайын жігіт қолына тоқпағын алып, қалыңдық іздейді.Қалыңдық табылған соң, тоқпақтың көмегімен, ұрып талдырады. Есін жиған қыз, үй ішімен таныстырады. Қыз көнсе, үйленеді.

Ява. Жігіт алдымен, өзі аулаған жиырма бес тышқанның құйрығын қайын жұртқа табыстайды. Мұнсыз жасалмайды. Үйленіп, егер ажырасып жатса, жігіт жағы, айыппұл ретінде жиырма бес емес, елу тышқанның құйрығын береді. Осы жоралғыны орындаған соң ғана, ажыраса алады.

Сайтқа әзірлеген Нұрсұлу Найманова.

Abai.kz

0 пікір