Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4367 0 пікір 17 Қаңтар, 2017 сағат 16:06

СҮЙГЕН ЖАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ


Сен басқамен жаңа өмір бастауың мүмкін, жүз адаммен бас қоссаң да, сүйіктіңнің махаббатындай сезім өртеніп-жанбайды. Одан кейінгілер мың есе артық, ақылды, сұлу, бойы ұзын, тағысын тағылар болуы мүмкін, бірақ сенің жүрегіңе нұрын төккен ол ғана. Басқалар олай ете алмайды. Оның қандай болғаны маңызды емес, маңыздысы ол сен үшін кім бола алғаны. Қазір бірге болмасаң, ол туралы естеліктің бәрін өшіріп, оның құшағын, сөзін, әнін, түнгі әңгімесін, күн сайынғы қоңырауын, мейірім тұнған жанарын, бәрін ұмытқың келетіні анық. Бірақ ол қолыңнан келмейді. 

Сен ешқашан оған мұны айта алмайсың. Өзіңді басқамен алдаусыратасың. Бірақ бәрібір сүйіктіңмен кешкен бақытты сәттерге оралуды армандап өтесің. Екеуіңе ғана тән алаңғасарлық, еркіндік, азаттық, шексіздік өзіне тартады да тұрады. Одан кейінгілердің бәрінен соны іздейсің, таппайсың. Жаның қиналады. Бір адамның бойынан бүкіл әлемді табу бақытын екінші мәрте қолға түсіре алмайсың. Ол жан сенің бүкіл өміріңді бастан-аяқ өзгертіп кетеді. Мәңгілікке өзгертеді. 

Жүрегіңнің түкпірінде, ешкімге айтпастан сен бар ниетіңмен оның оралатынына бек сенесің, торыға сағынасың, үндемей күтесің. Уақыт өте келе өзіңді өзгені ұнатуға мәжбүрлейсің. Өзіңді сол алданышқа сендіруге тырысасың. Ұмыттым, ұмытам дейсің. Алайда ұмытпайсың. 

Сүйікті жандарды жоғалтып алмаңдар. Мүмкін онсызда өмір бақытты өтер, бірақ оның жанындағыдай болмасы анық...

Лия Феоридзе

Аударған Шынар Әбілдә

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5483