Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 3835 0 пікір 17 Қаңтар, 2017 сағат 12:58

ЕРМЕК ТҰРСЫНОВ ОБАЛДЫ БІЛМЕЙТІН АДАМ!

Осыдан бірер жыл бұрын қоғамның наразалығына ұшырап, Парламент қабырғасында талқыланған «Келін» фильмінде басты рөлді сомдаған әртіс Гүлшарат Жұбаеваның ащы даусы енді шығып жатыр.

Ол «Ұят емес» бағдарламасында берген сұхбатында «Келін» фильмі жайлы өкпе-назын білдіріп, ағынан жарылған. Сөйтсек, актрисаның күні бүгінге дейін өтірік-шыны аралас сұхбат беріп келген  фильмнің режиссері Ермек Тұрсыновқа өкпесі қара қазандай екен.

Иә «Келін» фильмі көрсетілімге  шыға сала ұятсыз кадрлар үшін сынға ұшырап еді. Әлі күнге дейін басынан дау арылмай келеді.

Енді міне, Гүлшарат тағы бір даудың шетін шығарды.

«Ашық-шашық кадрға түспеймін деп кесіп айттым, сол арадан тоқтамақ та болдым. Бірақ сол кездегі «Қазақфильмнің» басшылары мені сол үшін ортаға алып, сынады. «Ойлан, өйткені бұл мемлекеттік қаржыға түсіріліп жатыр, қандай да бір әуесқой фильм деп ойлама, мен дардай сценаристпін, мен дардай режиссермін сенің алдыңда ойнап жүр екенбіз ғой» деп бетімнен алды. Ұятты кадрлардың өзінде перде тұрады деп сендірген еді... алайда,  өзімді экраннан көрген кезде мені алдағанын түсіндім», - деген Гүлшарат.

«Мені бәрі ақша үшін істеген дейді. Иә, мен ақша үшін істедім. Бұл күні кім ақша үшін жүрген жоқ?  Оны қойшы Ермек Тұрсынов сұхбаттарында мені Атырауда тойда көріп, билеп жүрген жерімнен тауып алып, киноға ішкізіп түсірдім деп даурығып жүр, бұл таза өтірік! Мені киноға бекіткен, тіпті ол емес.  Оған дейін басқа режиссер болатын. Бүкіл актерлік құрам бөлек болатын. Бұл фильмді түсіруді бастағанда, бастапқыда мұндай ашық түсірілімдер болған да жоқ. Бірақ фильмнің алғашқы нұсқасын көргеннен кейін көркемдік жетекшілер құптамады. Ермек Тұрсыновтың өтірігін шығарғым келген. Тіпті, біраз адамдарға барып, жүгіріп те көрдім. Сұхбатында айтқан сөздерін қайтарып алып, менен кешірім сұраса, "ол үшін не істеуім керек?" деп ойланған кездерім де болды. Бірақ мені кезінде үгіттеген адамдардың ішінен «осылай саған жала жабылып жатыр екен ғой, сені мас қылып түсірдім деп жатыр екен ғой. Ол өтірік сөз, мен қасында болдым ғой» деп айтатын ешкім табылған жоқ», - деп ренішін білдірген Гүлшарат ханым әлі күнге дейін өзінің ақтығын дәлелдей алмай жүр екен. 

Нұрсұлу Найманова

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5489