CАҒАТТАР ЖЫЛЖЫП...
Жақында біздің порталымызға Алматы облысына қарасты Іле ауданының Қос өзен ауылының тұрғыны Сержан Баймаманов атты оқырманымыздан үшбу хат келіп түсті. "Abai.kz" порталының тұрақты оқырманының жүрекжарды жыр жолдарын назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.
Сағаттар жылжып....
Сағатпен жылжып өтуде менің өмірім,
Не жаздың екен, маңдайға шіркін тәңірім.
Бір сәтте шуақ, бір сәтте бұлт боп көңілім,
Өте ме қалай сағатттай сырғып көңілім.
Бұл шіркін, өмірдің қысқа тіліндей,
Өтеді ау жалған сізбенен бізге білінбей.
Таң атып қайта, батуын кештің аңсаймыз,
Өмірдің бір күнге қысқарғанын ескермей.
Қорқамын бүгін сағаттың соққан тілінен,
Қорқамын тағы сандалып өткен күнімнен.
Тоқтайды қашан кеудемде соққан жүрегім,
Сол жайлы ойлап, ұйқысыз өткен түндермен,
Аллаға аян өмірдің қалды қаншасы,
Бүгінен басқа күнімнің барма жалғасы.
Сол жайлы толғап, ойланып отырам мен кейде,
Шүкірлік айтам бір күндік болса да өмірге.
Түнімді ұрлап....
Жүрегім тулап, жарасы кетті ау солқылдап.
Жылайды жаным жанарым тұр ау жас жинап.
Кірпіктен тамшы үзіліп түсті бір сәтте,
Кеткендей өмір, қалғандай бәрі тез қирап.
Мен бұрын мұнша ғашық боп мүлде көрмегем,
Махаббат бұлай қинайтынын білмегем.
Қиналды ау жүрек, тепкілеп жатыр кеудемді,
Жан дауыс шықты, есіміңді күбірлеп.
Жылама жүрек не істейін енді сәл сабыр,
Ғашығы барын естідің жаңа басқа бір.
Қолымнан келер дәрмен жоқ менде жүрегім,
Түсінер деймісің, сезімімді сол бір ару.
Оянды қайта бұғауда жатқан бұл сезім,
Көрмейтін болды одан өзгені қос көзім.
Не бердің, маған махаббат шіркін, махаббат,
Дауасыз дертсің адамды іштен жалмаған.
Ұйқымды ұрлап, түнімді талқан еттің ғой,
Жазамын енді қайтейін басқа не істеймін....
Тылсым сезім...
Бүршігін жарды, жүректе бүгін бір сезім,
Тиіспеші оған, тиіспеші оған көктесін.
Солдырып алма нәп нәзік оның сабағын,
Еркіндік берші сезімін жарып гүлдесін.
Тулайды жүрек өзіңді бір сәт көргенде,
Толықсып барып дүрбелең салды кеудемде.
Соғады ау сосын қанымды қызу қайнатып,
Тұншығып барат бұл жүрек менің кеудемде.
Abai.kz