Жұма, 27 Желтоқсан 2024
46 - сөз 4711 0 пікір 9 Қаңтар, 2017 сағат 01:02

БІЗ НЕ КӨРМЕДІК?

1976 жылы. Редакцияда әңгіме соғып отырмыз. Сөз ақындар ауылына қарай бет алған бір сәтте:
– Осы анау... кім еді... әлгі? Соны мықты ақын деп жүр ғой, – деді өзінің поэзияны керемет түсінетінін, классик ақынның туысы екенін үнемі ескертіп жүретін Әлеков.
– Кім ол?
– Ей, әлгі... кім еді?..
– Мықты ақын көп, қайдан білейік, кімді айтып отырғаныңды?
– Ой, құдай-ай, кім еді, әлгі... өліп қалатын ақын ше?
– Қасым ба?
– Жоқ.
– Төлеген бе?
– Жоқ.
– Енді кім, апыр-ау?..
Әлековтың қышылдана қатты ойланып, қолға ұстатқан «айғағы» мынау болды:
– Ой, әлгі семіз ақын ше? Өліп қалған семіз ақын?
Таба алмадық.
– Мен оның ештеңесін де білмеймін, жұрт айтып жүр «мықты» деп, – дейді Әлеков ашуланып. Бір кезде қасымда отырған Серік Жолдыбаев құлағыма сыбырлады.
– Осы албастының айтып отырғаны Мұқағали болмасын.
– Әй, осы сен Мақатаевті айтып отырған жоқсың ба, масқара ғып?
– Иә, иә. Сол – Мақатаев! – деді Әлеков қуанып кетіп.
Е-е... біз не көрмедік, сөйтіп, топастықтың шегі болмайтынын да көргенбіз.

Жұматай САБЫРЖАНҰЛЫ

Ырысбек Дәбейдің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасынан алынды

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052