Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 4274 0 пікір 6 Қаңтар, 2017 сағат 10:42

МҰНАЙШЫЛАР АШТЫҚ ЖАРИЯЛАДЫ

Маңғыстау облысында Techno Trading LTD компаниясының ондаған жұмысшысы аштық жариялады.

Компанияда оператор болып істейтін Берік Ергенбаевтың айтуынша, Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылында өтіп жатқан наразылық акциясында 133 жұмысшы аштық ұстап отыр. Жұмысшылар компания басшылығынан жалақыны көбейтуді, тоқсан сайын берілетін сыйақыны тұрақты төлеуді, белсенділік танытқан жұмысшыларды қудалауды тоқтатуды талап етеді. Жұмысшылар сонымен қатар жұмыстың экологиялық зияны, қосымша атқаратын жұмыстары үшін де ақы төлеуді талап етіп отыр.

Жұмысшылар бейсенбі күні таңертең аштық жариялауға әуелі компания кеңсесі орналасқан Бірлік кентіне барған, бірақ кеңсені полиция қоршап алып, ешкімді өткізбеген. Бұдан соң олар Қызылтөбе кентіндегі кәсіпода орналасқан "Мерей" қонақүйіне барып, аштықты кәсіподақ кабинетінде жариялаған. Жұмысшылар судан басқа ешнәрсе ішпеуге бекінген.

Techno Trading компаниясындағы жұмысшылар наразылығы былтырдан бері жалғасып келеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377