Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4569 0 пікір 6 Қаңтар, 2017 сағат 10:32

1 ТЕҢГЕ

1 теңгенің әңгімесі болып жатыр осы ауылда кешелі бері. Ауыл болып күнде бір теңгеден жинасақ, анау ауыл шетінен кілең қаз үйлер саламыз деп. Е, жөн делік.

Баяғыда тышқандар жиналып "әй, мына мысықтан зәрәзәп болдық қой, ойда жоқта келіп қалады, соның келгенін білдіретін бір нәрсе ойлап тапсақ депті". Әркім әр нәрсе айтса да жарытпапты. Сонда бір пысығы тұрып: "Е, таптым, таптым деп" айқай салыпты. "Мысықтың мойнына қоңырау тағып қоялық, сонда келе жатқанда сыңғырлайды да біз біліп қалып қашып кетеміз" депті. "Мынауың нағыз табылған ақыл" екен. "Жасасын біздің пысық". "Білгенмін бұдан мықты азамат шығатынын". "Мұны депутаттыққа ұсыну қажет" деп бәрі ұрандап айқайласыпты.

Сонда сол тышқандардың ең бір кәрісі қақырынып, жөтеліп: "Е, жақсы пікір екен. Бірақ сол қоңырауды мысықтың мойнына кім тағады?",- деген екен. 

Сол айтқандай 1 теңгемен қиялдаған жақсы. Сол теңгені үйді аралап кім жинайды? деген мәселе ғой. Бергені бір теңге, оны банкіге өткізу мың теңге. Телефон арқылы "единиса" арқылы берсең де күн ертең қазақтың баяғы "жеп қойыпты" деген әләуләйі басталмасына кім кепіл? Әй, қайран момын халқым-ай!

Мухиддин Иса

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377