Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3675 0 пікір 6 Қаңтар, 2017 сағат 10:08

NYT Қазақстанды 2017 жылдың туристік мекендері тізіміне қосты

Америкалық New York Times (NYT) газеті Қазақстанды әлемнің туристік тұрғыда қызықты мекендеріне арналған жыл сайынғы тізіміне қосты. Биыл бұл тізімге 52 мекен енгізілген.

Басылым Қазақстанды биыл халықаралық EXPO-2017 көрмесі өткізілетін мұнай өндіруші ел ретінде сипаттады. Қазақстан аумағы арқылы өтетін Батыс Тянь-Шань тау сілемдерінде ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енгізілген нысандар көп екені жазылған.

Газет Қазақстанның туристік кестеге ілігуіне британ актері Саша Барон Коэннің ойдан құрастырған персонажы Борат Сағдиевтің де үлесі барын атап өтті. Дегенмен басылым Астанадағы қымбат қонақ үйлерді тілге тиек ете отырып, Қазақстанның "Жібек жолындағы салтанатты мекенге" айналғысы келетінін жазды.

Бұл тізімде Канада бірінші тұр. Чилидегі Атакама шөлі, Үндістандағы Агра қаласы, Швейцариядағы Церматт шипажайы және Ботсвана алғашқы бестікке енгізілген.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377