Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4650 0 пікір 27 Желтоқсан, 2016 сағат 11:25

Қазығұртта биыл 1617 жаңа жұмыс орны ашылды

Қазығұрт ауданында жұмыс iстейтiн шағын және орта кәсiпкерлiк субьектiлерiнiң саны 6878-ге жетiп, сол салада жұмыс iстейтiндер саны 10787-нi құраған, - деп хабарлайды Абай ақпарат аудан әкiмi Төлеген Телғараевтің мәліметтеріне сілтеме жасап.

Бүгiнде ауданда кәсiпкерлiктi дамыту бағытында жүйелi жұмыстар жүргiзiлуде. Ауданда 2009 жылдан берi бұл сала бойынша 9,8 млрд. теңге көлемiнде несие берiлген. – Үдемелi индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберiнде жалпы құны 1600,5 миллион теңгелiк 4 жоба iске асырылды. Сонымен қатар биыл жалпы құны 722,7 миллион теңгелiк 2 жоба индустрияландыру картасына енгiзiлдi. Ауданға 13963,3 миллион теңгенiң инвестициясы тартылып, 1991 жылмен салыстырғанда 481,5 есеге артты. Өнеркәсiп өнiмiнiң көлемi 4431,7 миллион теңгеге жетiп, 25 жылда 45,8 есеге көбейдi. Жалпы өңiрлiк өнiм 74,2 миллиард теңгенi құрады. Яғни, 1991 жылмен салыстырғанда 30,6 есе өсiм бар. Аудан бюджетi 16218,9 миллион теңгеге жетiп, 115 есеге артты.

Биыл 1617 жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмыссыздық деңгейiн төмендету – назарымызда, – деген аудан басшысы 25 жылда барлық салада өсiм бар екенiн нақты көрсеткiштермен дәлелдеуге тырысты. Бүгiнде Қазығұрт ауданындағы тұрғындар саны – 109200 адам. Тәуелсiздiк алған 25 жыл iшiнде бұл көрсеткiш 26100-ге көбейген. Ал, қазығұрттықтардың негiзгi табыс көзi ауыл шаруашылығы екенi даусыз. Осы салада атқарылған жұмыстар нәтижесiнде биыл егiс көлемi 83908 гектарға жеткен. Диқандардың еңбегi ақталып, дәндiк жүгерiден 2061,2 тонна, көкөнiстен 10397 тонна, бақшадан 2550 тонна, картоптан 5189 тонна, масақты дақылдардан 113251 тонна өнiм жиналған. Жалпы, ауыл шаруашылығы саласы бойынша түскен табыс 22437,1 млн. теңгенi құрап отыр. Ауданда мал басы артып, «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» және тағы басқа бағдарламалар бойынша нақты жұмыстар атқарылған. Нәтижесiнде жыл басынан берi 13015 тонна ет, 43448,7 тонна сүт өндiрiлген. Жетi жүзден астам ұсақ шаруа қожалықтарын бiрiктiретiн 6 өндiрiстiк кооператив және 2 МТС құрылған. Аудан әкiмi құрылыс, бiлiм беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және инфрақұрылым салалары бойынша да көрсеткiштердi сөйлеттi. Алдағы уақытта аудан инфрақұрылымын дамыту, ауызсумен қамту, газдандыру және туризмдi түлету бағыттарында тиiстi шаралар қолға алынатынын жеткiздi.+

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343