Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3517 0 пікір 24 Желтоқсан, 2016 сағат 14:56

Аудандарда интенсивті бау шаруашылығы қолға алынған

Бұл туралы облыс әкімі тұрғындарға берген жылдық есебінде мәлімдеді. «Бұдан былай өңіріміздегі әрбір аудан өзіндік басым бағыттары бойынша дамитын болады. Облыста ауыл шаруашылығы саласының потенциалы өте үлкен.  

Сондықтан, бұл салаға жаңа технологияларды енгізіп, келесі бесжылдықта бұл саланы дамытуға ерекше көңіл бөлінетін болады»,-деді аймақ басшысы. Яғни, ауылшаруашылық саласын реформалаудың негізгі бес бағыты жүзеге асырылатын болады. Бірінші бағыт – суармалы жерлердің жағдайын жақсартып, жаңадан суармалы жерлерді айналымға қосу. Екінші бағыт – фермерлерге төмен пайызбен берілетін несиелердің көлемін арттыру. Мәселен, осы жылы “Максимум” АИО арқылы бұл салаға 10 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінуде. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 45% өскен. Үшінші бағыт –әрбір ауылдық округте кооператив құрып, онда Машино-тракторлық станциялар (МТС) ашу. Төртінші бағыт – ауыл шаруашылық саласына ғылымның жетістіктерін көптеп енгізу. Яғни, әрбір ауданда сол ауданның ерекшеліктерін ескере отырып Кәсіпкерлік мектептерінің базасында Фермерлерге ғылыми консультациялық қызмет көрсететін орталықтар ашу. Бесінші бағыт бойынша – әрбір ауданның потенциалы мен климаттық ерекшеліктері зерттеліп, 2020 жылға дейінгі нақты индикаторлары бекітілді. Мәселен, таулы аудандарда интенсивті бау шаруашылығы қолға алынса, осы жылы Қазығұрт ауданында 1800 гектарға жаңғақ, 300 гектар жерге алма баулары жобасы іске аспақ. Сондай-ақ, Төлеби мен Түлкібас аудандарында 1200 гектарға алма отырғызу қолға алынып, бау және оны қайта өңдеу кластері құрылатын болады. Таулы аудандардың тағы бір басым бағыты – сүт кластерін дамыту. Ал, Мақтарал ауданында мақта шаруашылығын қайтадан қолға алу жоспарланып отыр. Ол үшін мақтаның егіс алаңы ұлғайтылып, өнімділігін арттыру бойынша арнайы бағдарлама қабылданатын болады. «Бүгінде республика бойынша жылыжайлардың 46 пайызы – Сарыағашта. Сондықтан, Сарығаш – көкөнiс өндiретін нағыз «фабрикаға» айналуы тиіс. Ол үшін ең алдымен, дихандарға өнімін сыртқа шығару үшін жағдай жасалу керек. Бұл жұмыстарды жүйелеу аясында Сарыағаш ауданында Транспорттық-логистикалық орталықтар құру жоспарланып отыр»,- деді өңір басшысы. Сондай-ақ, баяндамашы Шымкент пен Түркістанда Транспорттық-логистикалық орталықтары іске қосылатынын. Сырдың бойында 80 мың гектар жаңа суармалы жерлер айналымға қосылып, Шардара, Отырар аудандары және Арыс пен Түркістанда жүгері мен көкөністің жаңа алқаптары игерілетінін жеткізді. Ал Созақ, Бәйдібек аудандарында мал шаруашылығы дамыса, Түркістан индустриалдық аймағында шұбат зауыты салынбақ. Мұнан бөлек, Түркістан, Арыс, Отырар, Созақта түйе сүтін жинау пункттері ашылатын болады. Қой етін экспорттау бойынша жұмыстар қайта қолға алынып, қой етінің алғашқы партиясы Иран Республикасына жолданатын болады. 

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377