Оңтүстік тұрғыны 107 мың АҚШ долларға жем өңдейтін цех сатып алған
Сарыағаш ауданының Дербiсек ауылының тұрғыны Жиенбай Шыңғысов жем өңдейтiн цехті 107 мың АҚШ долларға сатып алған, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.
Кеңестік кезеңнен бері ауданда жем өңдейтін ондаған цех жұмыс iстеп тұрған. Бүгiнде олар ескiрдi. Ал, тың Ресейден әкелген цехының құны 107 мың АҚШ доллары тұрады. Қазiр диқандар мал азығын өзге аймақтардан емес, Жиенбай ағаның цехынан сатып алады. Бұл жергiлiктi тұрғындарға тиiмдi.
Құрама жемшөпке 4-5 түрлi дәрумен қосылады екен. Цех қалдықсыз технология негiзiнде жұмыс iстейдi.
– Қазiр мал өсiрумен де айналысамыз. Ауылда кәсiптiң қай түрiн дамытсақ та мүмкiндiк мол. Шаруашылығымызда жүзiм алқабы және мал бордақылайтын алаң бар. Облыс және аудан басшыларының тiкелей көмектерi арқасында шаруа қожалықтарының ауқымы кеңейiп келедi. Бiз болашақтың бұдан да баянды, ертеңiмiздiң бүгiнгiден де жарқын боларына сенемiз, – дейдi шаруа қожалығының жетекшiсi Жиенбай Шыңғысов.
Олар кәсiпкерлiктi ендi қолға алғанда шаруашылықта аз ғана мал болыпты. Үлеске алған жерi де көп емес едi. Тынымсыз еңбек пен нәтижелi жұмыстың арқасында қазiр 20 гектарға жүгерi егедi. 25 гектар жүзiм алқабы және бар. Жалпы 56 гектар жерге дәндi дақыл өсiредi. Биыл жүзiмнiң әр гектарынан 10 тоннадан өнiм жиналды.
2009 жылдан берi асыл тұқымды мал өсiрудi қолға алған шаруашылықта бүгiнде 1300 қой, 100-ге жуық жылқы бар. Бұдан бөлек 60-тан астам сиыр өсiредi. Шаруашылықта 20-дан астам адам еңбек етедi. Жиенбай Өтебайұлы қыс айына қарамай егiн алқабында жүр. Бүгiнде ол басқаратын ұжым мүшелерi егiн егуге жердi дайындап, жүзiм алқабындағы көшеттердi өңдеуге кiрiскен.
Абай-ақпарат