Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4772 0 пікір 24 Желтоқсан, 2016 сағат 13:49

«Ақсанат Инжиниринг» жылына 40 тонна балық еті мен 30 келі қара уылдырық өнімін өндіреді

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданына қарасты «Ақсанат Инжиниринг» компаниясы жылына 40 тонна балық еті мен 30 келі қара уылдырық өнімін өндіреді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Түлкібас ауданының желтоқсан айындағы қортынды ақпараттарына сілтеме жасап.

Республикамызда сирек кездесетін бекіре тұқымдас балық өсіру фермасы 2012 жылы өңірлік индустриалды карта шеңберінде іске қосылған. Жобаны іске асырушы – «Ақсанат Инжиниринг» ЖШС. Кәсіпорын жұмысымен таныстырған Ерік Оспанов жобаның құны 452 млн. теңгені құрағанын айтып, бүгінде жылына 40 тонна балық еті мен 30 келі қара уылдырық өнімін өндіріп жатқанын мәлімдеді. Балық шараушылығын кәсіпкерлерге кеңінен насихаттау қажеттігін айтқан облыс әкімі осындай балық фермаларын көршілес Төлеби, Сарыағаш сынды аудандарында да дамытуды тапсырған болатын.

Бүгінде Түлкібас ауданының жалпы өңірлік көлемі 40,8 млрд. теңгені құрап отыр. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларында да жұмыс бар. Дегенмен, 2016 жылғы 1 қарашаға Түлкібас ауданы бойынша 155,4 млн. теңге қаржы игерілмеген. Ал өнеркәсібі өнімінің жалпы көлемінде Түлкібас ауданының үлесі 2,1% құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 0,9 пайызға төмендеген. Аудандағы шағын және орта кәсіпкерліктің саны 6 186 бірлік болса, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,8% төмендеген. Инвестиция тарту бойынша да 14 орында тұр.

Сонымен қоса, облыс әкімі Түлкібас ауданына іссапармен келгенде ауыл шаруашылығы саласына түбегейлі талдау жасап, бау-бақша өсіру, ауыл шаруашылығын дамыту бағытында нақты іс-жоспарды бекітуді, жұмыссыздықты азайту бойынша тиісті жұмыстарды атқаруды тапсырған-ды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын жоғары деңгейде атап өту жөнінде де жергілікті билікке бірқатар міндеттемелер жүктеген.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383