Ордабасы озып тұр
Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Кеңесбекұлы Мамытбеков Abai.kz ақпараттық порталының тілшісіне жылды қортындылап жатқан ауданның ауылшаруашылығына қатысты жетістіктерін әңгімелеп берді.
- Жалпы, бүгінгі таңға аудан экономикасының дамуындағы шағын және орта бизнестің үлесі 35 % құрайды, - дейді әкім. - Өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 12 млрд. 555 млн. 200 мың теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 109,5 пайызға тұрақтады, облыс көлемінде аудан, қала арасында Ордабасы ауданы көш бастап тұр.
Өнеркәсіп саласында жүйе құраушы локомативті жобалар “Ордабасы-нан” ЖШС, “Ордабасы құс”, “Инфрастрой ЛТД”, “Батсу водоканал”, “Агро-V”, “Сейтбек әулеті”, ”Шұбар асыл тұқым кешені”, ”Оңтүстік қыш” және “Строй-юг групп” ЖШС-і.
Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Кеңесбекұлы Мамытбековтің сөзіне қарағанда, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылы жалпы құны 7 млрд. 562 млн. теңгені құрайтын 8 жоба мақұлданыпты. Оның ішінде субсидиялау желісі бойынша жалпы құны 879,0 млн.теңгеге 3 жоба («Батсу Водоканал» ЖШС, ЖК «Жәнібек Сембек», ЖК «Сейтхан Серікқожа»), инфрақұрылымды дамыту желісі бойынша жалпы құны 6 680 млн.теңгеге 4 жоба («Аква Терм» ЖШС, «MEB Co» ЖШС,«KAZMERBLOCK» «Мерблок» ЖШС, «ФебСтрой» ЖШС), гранттық қаржыландыру бойынша 1 жоба 3,0 млн.теңге игеріліпті.
Аудан басшысы Abai.kz ақпараттық порталының тілшісіне жеке жұмыс бастаймын деуші әр азаматтың тілегі жыл басынан бері қараусыз қалмай келе жатқанын да атап өтті.
Шахмұрат Молдабек
Абай-ақпарат