Жыл басынан бері 19 маман жұмысқа орналасты
Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданына қарасты ауылдарға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 19 маман жұмысқа орналасты деп хабарлайды Абай-ақпарат Бәйдібек ауданы әкімдігінің мәліметіне сүйене отырып. Атап айтар болсақ, Білім беру саласы бойынша – 5 маман; Денсаулық саласы бойынша – 9 маман; Ветеринария саласы бойынша – 3 маман; Спорт саласы бойынша – 1 маман; Әлеуметтік саласы бойынша – 1 маман жыл басына бері жұмысқа орналасқа көрінеді.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасуға өтініш білдірген, мамандардың құжаттарын Бәйдібек ауданы әкімдігінің жанынан құрылған комиссия қарап, аудан әкімдігінің №216 қаулысына сәйкес әлеуметтік шаралар ұсынылған.
- Ауыл халқының тұрмыс-жайы тұрақтап, ауыл инфрастурктурасы дамыған сайын ауылды жерлерде мамандарға деген сұраныс артып келеді, - дейді Бәйдібек аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Алдамжаров Өскен Қосыбайұлы. – Желотқсан айындағы мәліметтерге сүйенсек, қазір ауданға қарасты елді-мекендерге 19 маман қызметкер мамандықтары бойынша қызметке орналасты.
Өскен Қосыбайұлы сондай-ақ мамандарды жұмысқа орналастыру мен оларға қойылатын талаптарды да атап өтті. Бөлім басшысының сөзіне сүйенсек, жоғарыда аталған мамандардың бәрі де ауылға керек, әрі қат мамандар. Олар ауылды жерлерде жұмыспен ғана емес, баспанамен де қамтамасыз етіледі. Әрі өз мамандықтары бойынша қыземттік лауазымға да болашақта ие болмақ.
Шахмұрат Молдабек
Абай-ақпарат