Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 5089 0 пікір 19 Маусым, 2015 сағат 11:10

Ядролық тәуекелдер және Ресейдің күйреуі.11 БОЛЖАМ

 

«Stratfor» саяси сараптамалық компаниясы әлемді саяси және экономикалық бағыттан үлкен  өзгеріс күтіп тұрғанын сөз етіп, алдағы он жылдыққа 11 жорамал жасады. Аталған компания болжамына АҚШ-тың өзі әлемдегі қақтығыстардан бойын аулаққа салып жатқанын негіз етеді. nv.ua сайты аударып басқан материалда, әлемде өмір сүру қауіпті бола түсетінін, АҚШ шын мәнінде әлсірей бастағанын, ал, басқа да алпауыт елдерде хаос басталып, құлдырау жүретіні жазылған.

1. Ресейдің күйреуі. Санкциялар мен мұнай бағасының төмендеуі, рублдің құнсыздануы, қорғаныс шығынының артуы мен ішкі қарсылықтардың өрши түсуі Кремлдің Ресейді алпауыт елдер қатарында ұстап тұруына мүмкіндік бермейді. Ресей Федерациясы бірнеше бөлікке бөлінбейді, бірақ Мәскеу аймақтарда билік өкілеттігін жоғалтады.

2. АҚШ ядролық қуатын арттырып жатыр. Егер Ресейде ыдырау мен бөлшектену болса, Ресейдің ядролық инфрақұрылымы мен географиялық кеңістігіндегі шашыраңқылық тіпті үлкен зауалға әкеп соғуы мүмкін. Бұндай жағдайда туындаған ядролық қару, уран қоймаларын қорғау және тасымалдау жүйесін қорғау үшін АҚШ-тың арнайы күштерді жұмылдыруына тура келеді.

3. Германияда проблемалар туындайды. Еуроаймақтағы дағдарыс пен өзара сенімсіздіктерден Германияның мақсатты әрі жүйелі экспорттық экономикасы ауыр зардап шегуі мүмкін. Бұл елдің болашағынан экономикалық ауыр сілкіністерді күтуге болады.

4. Польша Еуропаның бірден бір лидеріне айналуы әбден мүмкін. Бұл ел экономикалық өрлеу мен саяси ықпалды кеңістіктің орталығы болады.

5. Еуропаның ыдырауы. Еуропа үшін бірліктің өңірлік және ұлттық аймақтарға  ыдырап, бұлыңғыр саясат пен экономикалық кедергілерге тап болатын жағымсыз елесі сезіледі. Ол өз кезегінде, Батыс Еуропа, Шығыс Еуропа, Скандинавия және Британ аралдары болып жақын қатынасы жоқ төрт бөлікке  бөлінуі мүмкін.

6. Түркия мен АҚШ жақын одақтасқа айналады. Түрлі бетбұрыстардан өтіп жатқан Мұсылман елдерінен Түркия алдыңғы қатарға қол жеткізді. Бұл мемлекет өз шекарасындағы қақтығыстарға араласуға қазір де құлықсыз. Бұндай бейтараптық пен берік күшінің арқасында Түркия АҚШ-тың тәуелсіз серіктесіне айналуы әбден мүмкін. Алайда, Түркия үшін Арменияда әскери базасы бар агрессор  Ресейден Қаратеңіз аймағындағы потенциалын сақтап, басқа елдерге қалқан болу міндеті тұр.

7. Қытай үлкен мәселелерге тап болады. Экономикалық өсімнің баяулауы халықтың билеуші Компартияға көңілі толмауына жетелеуі мүмкін. Партия ондай жағдайда либералдыққа барудың орнына ішкі бақылауды күшейте түседі. Оның соңы жақсылыққа апармайды.  Сонымен қатар, Қытай табысы ел ішінде және халықаралық нарықтарда шектеліп, географиялық маңызын жоғалтады.

8. Жапония Азияның басты теңіз державасына айналады. Импортқа тәуелді бұл ел Қытаймен бәсекелестікке түсіп, меншікті теңіз жолдарын қорғайтын болады. Токионың өңірде билікті күшейтуден басқа жолы жоқ. Сондай-ақ, олардың алдында АҚШ-тың Жапонияға қарсы ұстанымын әлсірету міндеті де тұр.

9. Оңтүстік қытай теңізіндегі аралдар дауы күшінде қалды. Бірақ, аралдар жөніндегі тартыс әскери қақтығыстар тудырмайды, бұрынғыдай, өзекті мәселе ретінде жалғасты талқылана бермек. Ресей кейбір ұсыныстарын алға қоюы мүмкін, ол уақытта Қытай мен Жапония да өз ұпайын түгендейді.

10. 16 мини Қытай. Қытай экономикасы өсімі баяулап барады. Бірақ өндіріс деңгейі төмендемейді. Бұл басқа даму жолындағы мемлекеттер үшін қосымша мүмкіндіктер туғызады. Мексика, Никарагуа, Доминикан Республикасы, Перу, Эфиопия, Уганда, Кения, Танзания, Бангладеш, Мьянма, Шри-Ланка, Лаос, Вьетнам, Камбоджа, Филиппин және Индонезия сияқты елдерде көптеген жұмыс орындары ашылады.

11. АҚШ билігі әлсірей түсетін болады. Вашингтон әлемдік проблемаларды шешуге сақтықпен қарап, лидерлік позициясын жоғалтып алмауға жанын салмақ. Бұл әлемде біз мүлде күтпеген өзгерістер туғызады. Штаттар өсіп келе жатқан экономика, ішкі энергия өндіру, экспортты азайту  тұрғысында жаһандық дағдарыстың өзін ыңғайлы оқшаулау арқылы әлемнің ең тұрақты және қуатты елі сезінуі мүмкін.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407