Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5894 0 пікір 18 Маусым, 2015 сағат 15:54

БҰҰ: БОСҚЫНДАР САНЫ РЕКОРДТЫ МЕЖЕДЕН АСТЫ

Өз мекендерін әскери қақтығыстар мен қудалау салдарынан тастап кетіп жатқан адамдардың саны босқындар ағыны тарихында рекордты межеден асты. Бұл туралы БҰҰ мәліметіне сілтеме жасап BBC хабарлады.

Аталған ұйымның мәліметінше, былтырғы жылы әлем бойынша 60 миллионға жуық босқын тіркелген. Олардың жартысынан көбі балалар. Оның ішінде ең көп босқын Сириядағы тұрақсыздық салдарынан ел шекарасынан сыртқа босқандар екен.

БҰҰ-ның Босқындар ісі бойынша бас комиссары  Антонио Гутеррештің сөзіне сай, кейбір елдердегі соғыстар негізсіз туындаған. Соған қарамастан Халықаралық ұйымдар оларды тоқтата алмай келеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1329
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2904
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 986
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 917