Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5314 0 пікір 9 Маусым, 2015 сағат 13:57

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНДА КӨШПЕЛІ ОТЫРЫС ӨТКІЗДІ

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жанындағы Қоғамдық кеңес Астанадағы түйткілді нысанның құрылыс алаңында көшпелі отырыс өткізеді.

Дәл қазір бастамашыл топтың 20-дан астам адамы – банк салымшылары, Қоғамдық кеңестің мүшелері, әкімдік өкілдері, құрылысшылар мен журналистер салынып бітпеген үйге жиналды. Әңгіме Астанадағы Сауран және №24 көшелерінің қиылысындағы көп пәтерлі тұрғын үй кешені туралы болып отыр. Жаңа үйде 242 пәтер бар. Бұл пәтерлер «Қолжетімді тұрғын үй–2020» бағдарламасы аясында «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағдарламасы бойынша сатылуы тиіс еді. Бірақ адамдар бір жарым жылдан бері бұл пәтерлердің кілтіне қол жеткізе алмай келеді.

Тұрғын үйді сарыла күтіп жүрген ҚТҚЖБ салымшылары әлі күнге дейін пәтер жалдап немесе туысқандарының үйін жағалап күн кешуге мәжбүр. Олар бірнеше мәрте Қоғамдық кеңеске шағым түсірді. Шағым жиілеп кеткен соң, бұл адамдармен құрылыс нысанында кездесу өткізуге байлам жасалды.

Құрылыс салушы 2013 жылдың желтоқсан айына дейін түйткілді кешеннің құрылысын салып бітіруі керек еді. Бірақ пайдалануға беру мерзімі ұдайы кейін шегеріліп келеді. Бұл жолы құрылыс компаниясы 2015 жылдың жаз айында береміз деп меже белгілеп отыр. Айта кетейік, бұл пәтерлердің жалпы ауданы 10 мың шаршы метрден асып жығылады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мамандарының сөзіне қарағанда, іс жүзінде үй дайын тұр. Бірақ оған жылу көздері орнатылмаған. Шаһардың коммуналдық қызметінің талабы бойынша, құрылыс салушы жылу жүйесін осы уақытқа дейін екі мәрте қайта жүргізіпті.

Нысандағы олқылықтардың қашан жойылатыны, адамдардың пәтерлерге қашан көшіп кіретіні отырыс аяқталарда белгілі болмақ. Қоғамдық кеңес мүшелері бұл жайында қосымша хабарламақшы.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340