Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5003 0 пікір 8 Маусым, 2015 сағат 15:43

РЕСЕЙГЕ САЛЫНҒАН САНКЦИЯЛАР КҮШІНДЕ ҚАЛАДЫ

«Үлкен жетілік» (G7) елдері басшыларының кездесуі өтіп жатқан  Германияның Гармиш-Партенкирхен қаласы маңындағы кездесуде Барак Обама мен Ангела Меркель Ресейге қарсы экономикалық санкциялар кей талаптар орындалмайынша, күшінде қалатынын мәлімдеді.

Ақ үйдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Барак Обама мен Ангела Меркель Ресейге қарсы экономикалық санкциялар Минскіде жасалған Донбасстағы қақтығысты тоқтату келісімі толық орындалғанша және Мәскеу Украинаның Тәуелсіздігіне құрмет көрсетпейінше күшінде қалуы тиіс деп уағдаласқан.

Саммитте сөйлеген сөзінде Ангела Меркель Мәскеу Украинадағы әрекеті үшін G7-ден «аулақ тұруы тиіс» деп ашық мәлімідеме де жасаған көрінеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 996
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2543
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 698
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 670