НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ: БІЗ ЕРТЕҢ НЕ БОЛАТЫНЫН БІЛМЕЙМІЗ
«Біз әр кез не өткенімізбен өмір сүріп, нені дұрыс істемедік екен деп ойланамыз, және 10 жылдан соң не болар екен деп келешек туралы толғанамыз. Кім біледі? Біз ертең не боларын білмейміз», — деді елбасы бүгін Астананың «Жасыл белбеуіне» барған кезінде баспасөз өкілдерімен әңгімелесіп тұрып.
«Барлығы да өмірдің мән-мағынасы неде деп ойланғысы келеді. Мен осыншама жасқа келгенімде, өзімнің өмір тәжірибемнен ойлап қарасам, өмірдің мән-мағынасы туралы ойланудың пайдасы шамалы екен. Өмірдің мағынасы қалыпты өмір сүріп, жақындарды, дос-жарандарды, Отанды сүйіп, өз балаларыңның келешегін күйіттеу», — деді президент. Жыл сайын Астана күнінің қарсаңында Елорда маңын бір шолып шығатын Назарбаев қолдан егілген орманды еліміздегі керметтердің бір деп білетіндігін айтты.
Абай-ақпарат