Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4720 0 пікір 1 Мамыр, 2015 сағат 22:28

«ЕCІМДЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ»

Жуықта Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданына қарасты Герасимовка орта мектебінде «ЕСІМДЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел отырысына облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының қызметкерлері, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, облыстық әділет басқармасының бас маманы мектеп мұғалімдері, оқушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің  мақсаты – ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын қазақша жазу тәжірибесін қазақ халқының қалыптасқан тарихи дәстүрлеріне  сәйкес  келтіру болды.

Дөңгелек үстел отырысын кіріспе сөзбен ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ономастика және талдау бөлімінің басшысы Р.Төлемісова ҚР Президентінің «Ұлты қазақ азаматтардың  тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты  мәселелерді шешу туралы» 1996 жылғы 2 сәуірдегі Жарлығымен таныстырып, берілген сұрақтарға жауап берді.

Осы көтеріліп отырған мәселе бойынша Өскемен қалалық  әділет басқармасының бас маманы С.Оралбаева «Әділет органдарында ұлты қазақ азаматтарының тегі мен әкесінің атының қазақша жазылуы туралы баяндаса, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы С.Жұматаева ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын қазақша жазу тәжірибесін қазақ халқының қалыптасқан тарихи дәстүрлеріне сәйкес  келтіру мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, «Қазақ халқының ат қою ерекшеліктері» тақырыбында Герасимовка орта мектебінің мұғалімі Ырыскелді Қабдолдина баяндама жасады.

Б.МАМАРБАЕВ,

«Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы.

Шығыс Қазақстан облысы.

 

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3224
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279