Жексенбі, 24 Қараша 2024
Көк тудың желбірегені 8388 0 пікір 29 Сәуір, 2015 сағат 13:12

ПРЕЗИДЕНТТІ ҰЛЫҚТАУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

29 сәуір күні Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ ұлықталды.

Алдымен Астананы аралап өткен құрметті кортеж сонан соң Қазақ елі алаңына беттеді. Алаңда тізілген әскери сапты қабылдаған соң Тәуелсіздік сарайына беттеді. Артиллериялық оқ ату құрметі көрсетілді.

Тәуелсіздік сарайына Қорғаныс қызметі әскерлері марш әуенінде Қазақстан Туы мен Конституциясы және Президент штандарты кіргізілді.

Қаптаған халық алдында ҚР Конституциялық Кеңесі Төрағасы И.Рогов Қазақстан Қонституциясының 42-бабына сәйкес Ант берген сәттен бастап Қазақстан Президенті өз қызметіне кірісетінін мәлімдеді.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Конституцияға оң қолын қойып тұрып, Қазақстан халқына мемлекеттік тілде Ант етті. Содан соң тізе бүгіп, Қазақстан Туын сүйді.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Қ.Тұрғанқұлов Нұрсұлтан Назарбаевқа ҚР Президенті куәлігін салтанатты түрде табыс етті.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Қазақстан халқына арнап сөз сөйледі.

Содан соң “Қазақ елі” алаңында Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы, Қазақстан Республикасы Президенті, Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВқа ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан Қарулы Күштерінің салтанатты шеруге дайын екенін мәлімдеп, рапорт берді. Шеруді қабылдаған Елбасы әскерлермен сәлемдескен соң, салтанатты шеру басталды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543