Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5408 0 пікір 26 Сәуір, 2015 сағат 13:14

САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ

«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының медиа-директоры, танымал тележурналист Қанат Әуесбайдың айтуынша, биылғы Президенттік сайлау ел тарихында сайлаушылары ең көп қатысқан саяси науқан ретінде қалады. 


- Осы жолғы саяси науқан сайлаушылар ең көп келген, ұйымдастырылуы жоғары деңгейде өткен сайлау ретінде тарихта қалады деп ойлаймын. Таңертеңнен бері байқағаным, сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруге асыққан халық өте көп. Сол арқылы халық өзінің азаматтық белсенділігін көрсетті. Ал бұл жәйт елдегі саяси мәдениеттің артып келе жатқанын көрсетеді. Бұл жерде орталық сайлау комиссиясының да сайлаушыларды учаскелеріне шақыру жұмысын жоғары деңгейде атқарғаны айқын көрініп тұр, - дейді Қанат Әуесбай.

Айта кетейік, бүгін таңғы 7.00-ден бастап Қазақстанның барлық аумағында ҚР Президентін сайлау науқаны басталды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, сағат таңғы 10.00-ге дейін дауыс берушілердің 20 пайызға жуығы өз таңдауларын жасаған. 

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 856
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2254
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 575
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 550