Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4322 0 пікір 2 Сәуір, 2015 сағат 08:19

«MOODY’S» АГЕНТТІГІ: ҚТҚЖБ - БІРЕГЕЙ БАНК!

ҚТҚЖБ қоржынындағы «нашар кредиттер» небәрі 0,89% болып шықты. Бұл мәлімет Moody’s халықаралық рейтинг агенттігінің ресми баспасөз хабарламасында жарияланып отыр. Агенттік сарапшылары Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесін «бірегей» деп те бағалапты. Moody’s таратқан ақпаратқа қарағанда, Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі барлық көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім көрсетіп келеді. Жіпке тізіп айтсақ, бұл – қаржылық көрсеткіштер, халықтың сенімі, клиенттерге қызмет көрсету сапасының жақсаруы және активтерінің салауатты сапасы. 

ҚТҚЖБ бәсекелестерінің – екінші деңгейлі банктердің денінің шаруасы әлі шатқаяқтап тұрғаны мәлім. Мұның негізгі себебі – проблемалық заемдардың көптігі. Соның ішінде ипотекалық кредиттер де бар. Кейбір банктердегі проблемалық кредиттер 30 пайыздан да асып жығылған.

Сарапшылар мұндай жағдайдың туындауын әр қилы түсіндіреді. Кейбірінің пікірінше, ипотеканың  мөлшерлемелері тым жоғары. Бұл көбіне клиенттердің қарызын төлей алмай қалуына әкеп соғады. Бұған банктерді кінәлауға болмайды. Сарапшылардың сөздеріне сенсек, қаржы институттарының өзі  қазір 8-10 пайыз көлемінде қымбат заем алуға мәжбүр.

- Банктер мұның үстіне өзінің маржасы мен заемшының кредитті қайтармау тәуекелін де қосады. Әрине, онысы Батыстағыдан бірнеше есе көп.

Осылайша, қайта-қайта тұйыққа тіреле береміз. Өйткені, кредиттің қайтпауына түрткі болып отырған жайт – дәл осы жоғарғы мөлшерлеме, – дейді Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры Олжас Құдайбергенов.   

Біреулер жылдар бойы қордаланып жатқан мәселелердің түйінін шешумен әуре болып жүрсе, енді біреулердің тасы өрге домалап, даму үстінде. Соның ішінде, айталық, ҚТҚЖБ да бар. Олар табысының сырын оп-оңай түсіндіріп те береді.

– Біздің кредиттеріміздің тартымдылығы – барлық заемдардың теңгемен берілетіндігінде. Сол себепті де, валюталық тәуекел клиенттерімізді айналып өтеді, – дейді ҚТҚЖБ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов. – Біз заемшыларымызға валюта нарығындағы толқуларға қарамастан, заемды өтеу кезеңінде төлемнің бірқалыпты, нақты белгіленген мөлшеріне кепілдік береміз. Бұл жалпы нарықта халықтың ұзақ мерзімді салымдарын тартуды 40 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Екінші деңгейлі банктерге бізбен бәсекеге  түсу оңайға соқпайды.

Moody’s сарапшыларының пікірінше, рейтингінің сатылап жоғары көтерілуінің тағы бір себебі – ҚТҚЖБ-ның ұдайы дамуға ұмтылуы. Еуропалық және халықаралық құрылыс жинақ кассалары қауымдастығына кіріп, халықаралық деңгейге шыққанына да аса көп уақыт болған жоқ. 

- 2014 жылы біз алдымызға зор міндет қойдық. Ол – Қазақстанның банк секторында көшбасшысы болу. Баспанаға зәру халықты қолжетімді заемдармен қамтамасыз ететін Банктің әлеуметтік рөлін сақтап, оны нығайта түсуді көздедік. Және бұл бағытта жоспарлы түрде жұмыс жүргізіп келеміз, – дейді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрағасының орынбасары Ербол Қарашүкеев.   

Естеріңізге сала кетсек, былтырғы жылдың аяғына таман Moody’s investors service халықаралық рейтинг агенттігі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді депозит рейтингін «тұрақты» болжамымен Ваа3-ке дейін көтерген болатын. Бұл ең алдымен клиент базасының нығаюына, капитал қорының жоғарылығына, активтерінің салауатты сапасына және өтімділік «жастығының» жеткіліктілігіне байланысты. Осы жайттардың арқасында банк өз бәсекелестерінен оқ бойы озық тұр.

 

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572