Сенбі, 19 Сәуір 2025
Ел іші... 6176 0 пікір 26 Наурыз, 2015 сағат 04:05

ҚЫЗЫЛ СУ ҚҰРСАУЫНДА...

Күн мен түннің теңелуі табиғаттың таңғажайып күйін ғана емес, тосын сиын да қоса тарту еткендей. Күн райының күрт құбылуы еліміздің бірқатар аймақтарында төтенше жағдай тудырып отыр.

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ағадыр ауылы тұрғындарының қызыл судың құрсауында қалғанына бірнеше күн болды. Төпелеп жауған жаңбыр мен еріген қар суының қосылуынан ылғал көлемі артып, ауылдағы тұрғын үйлер мен қора-қопсылар көлкіген лайдың астында қалған. Тосын апаттан үйлер тұруға жарамсыз болып, уақ мал басы шығынға ұшырады.

Еліміздің Төтенше жағдайлар қызметіннің ресми мәлімдеуінше қызыл су құрсауында қалған тек ағадырлықтар ғана емес екен. Көлкіген судан зардап шеккендер қатарында Қарағанды облысының Қарқаралы, Қаражал, Ақтоғай, Жаңаарқа, Бұқар жырау аудандарының жекелеген ауылдары бар көрінеді. Қазіргі күні ТЖ қызметінің арнаулы тобы апат аймағында құтқару жұмыстарын жүргізуде. Тұрғын үйлерін су шайған адамдарды жергілікті мектептерге орналастыру қолға алынған. Қызыл судан келген шығын есептелуде.

Абай-ақпарат.

(Суреттер Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының тұрғыны Болатбек Тоқмырзаның facebookтегі парақшасынан алынды)

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2036
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4897
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4093