Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 8751 0 пікір 4 Наурыз, 2015 сағат 17:08

Ақберен Елгезек. «ҚАЙРАН СӨЗІМ ҚОР БОЛДЫ...»

Ақын Ақберен Елгезек жуырда «Ult.kz» (http://ult.kz/?p=1092) сайты арқылы сыншы, әдебиеттанушы Амангелді Кеңшілік мырзаға хат жолдаған болатын. Әңгіме бүгінгі әдебиет, әдебиеттегі жастар, ақындар туралы еді. Алайда, хат  авторларының арасындағы пікір алмасу дауға ұласып кетті. Біз кеше Амангелді Кеңшілікұлының «Жас Алаш» газетінде жарияланған мақаласын  (http://abai.kz/post/view?id=3049) оқырман назарына ұсындық. Екі жақ тең сөйлессін деген есеппен енді Ақбереннің назын да «Abai.kz» ақпараттық порталында көрсетуді жөн деп таптық.

Біздің қоғамда өркениетті пікірталас, өз көзқарасын мәдениетті түрде жеткізу деген дүние атымен жоқ екен ғой. Интеллектісі жоғары деп жүрген зиялым мәселенің байыбына бармай (барғысы келмей) беталбаты сөйлеп, басыңа бар негативін төккен кезде, Иран-Ғайып ағамның "менікі не талтаң осы?" деген сөзі есіңе түседі екен.

Мен оған хат жолдай отырып, әдебиеттегі процесстер (оның жеке басына қатысты бір сөз жоқ!) төңірегінде пікірімді айтқан болатынмын. Бұл кәдімгі эпистолярлық жанр форматындағы пікір алмасу еді. Ол кісі болса, менің жеке басыма тіл тигізіп, сөздерімді теріс айналдырып, жоқты бардай етіп, мені бір жағымсыз, мақтанқұмар, тағы басқа оған ғана елестейтін пәтшағарлық кейіпте көрсетіп отыр.

Оқымысты, зиялы деген адамның мінез-құлқы осындай болса, өзгеге қалай ренжисің? Біз әлі ондай пікір алмасу деңгейіне жетпеген екенбіз. Соны білмеген екем. Өкініп отырмын.

«Қайран сөзім қор болды...»

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5352