Мемлекеттік сыйлық Жұмекен мен Шәмшіге берілді
Қаламгерлердің арасында қып-қызыл дауға себепші болған мемлекеттік сыйлықтың шешуші отырысы өтіп, иегерлер де анықталды. Сөйтіп, әдебиет саласы бойынша мемлекеттік сыйлық Жұмекен Нәжімеденовке, музыка бойынша Шәмші Қалдаяқовқа берілді. Атақты ақын мен әйгілі композиторға берілген мемлекеттік сыйлық әбден лайық екені анық.
Бірақ, осы атаулы сыйлық үшін алашапқын болып, Есілдің сол жағалаумен оң жағалауының арасын шаң қылып, Астанадағы кейбір телефондарға маза бермеген ақын-жазушы ағаларымызға обал болды. Оларды да талантты дейді осы жұрт. Мемлекеттік әнұранның адамға, Аллаға да аян авторлары мемлекеттік сыйлыққа ұсынылып жатыр дегенде, баспасөздің бетін көлдей тартысты мақалалар жауып кеткен еді. Сол тартыс кезінде біреулер Есілдің сол жағына ығысып, біреулер оң жағына қисайып, енді біреулер жарғыны алға тартып қырылып қала жаздаған. Амал не, еткен еңбек зая кетті.
Бұл жаңалық бізге әдеттегідей көрінгенімен, мемлекеттік сыйлықтан дәмелі қаламгерлер үшін үлкен соққы болатыны белгілі. Мемлекеттік сыйлықтан меселі қайтқан ақын-жазушыларға сыйлық үшін емес, оқырман үшін таласыңыздар, өйткені, ең сауапты әрі қайырлы сонымен бірге мәңгі сыйлық сол болмақ.
Айтпақшы, болашақтағы мемлекеттік сыйлық коммисиясының есіне мемлекеттік әнұранның үшінші авторы бар екенін салып қояйық...
«Абай-ақпарат»