Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5544 0 пікір 5 Ақпан, 2015 сағат 11:09

АХМЕТОВКЕ ҚАРСЫ ЖАҢА АЙЫПТАУ

Серік Ахметовке қатысты қозғалған қылмыстық істің саны тағы бірге артты. Тергеу барысы экс-шенеуніктің Қарағанды облысында әкім болып қызмет атқарған тұста болған тағы бір заң бұзушылықты анықтаған.

Нақты айтқанда, Ахметов Қарағандыдағы Индустриалдық парк құрылысына бөлінген 25 миллиард теңгеге қол салған көрінеді. Жұмысты атқаруды «Қазақстан өндірістік корпорациясы» атты фирмаға тапсырып, оған мемлекеттік тапсырысты өзінің араласуымен алып берген-міс. Осы қызметі үшін фирма директоры Әлжан Ақмолдаев Серік Ахметовтің Біріккен Араб Әмірліктеріндегі есеп-шотына 2 жарым миллион доллардың «сыйақысын» аударған екен.

Ал, Серік Ахметовтың қорғаушылары бұл айыптауларға қатысты ешқандай түсінік бермеуде. Экс-шенеунік қазір мырзақамақта, Қарағандыдағы үйінде оқшауланған.

 

Абай.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351