Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6019 0 пікір 4 Ақпан, 2015 сағат 15:41

«ЖЫР МАРЖАНЫ» АНТОЛОГИЯСЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада «Жыр маржаны» атты он томдық қазақ поэзиясы антологиясының тұсаукесері өтті.

Антологияны Атырау облысы әкімдігінің тапсырысымен және қолдауымен «Мереке баспасы» жарыққа шығарып отыр. Қазақ кітап басу тарихында тұңғыш рет 1977 жылы екі томдық қазақ совет поэзиясының антологиясы және белгілі әдебиетші Сауытбек Әбдірахманов құрастырған (2007 жыл, «Раритет» баспасы) екі томдық антологиядан басқа бұрын-соңды қазақ халқының арғы тарихынан белгілі баба жыраудан бастап бүгінгі жас таланттарға дейін мейлінше толық қамтылған көлемді 10-томдық антология оқырман қолына тиген емес.

10-томдықтың І томы ұлы бабамыз тасқа қашап жазып кеткен данышпандық жырлары мен Түрік қағанатын құрған Құтылығ қағанның ұлы Күлтегін қағанның ел шежіресінен (еркін әдеби нұсқасын жасаған ақын Темірхан Медетбек) басталады.

678 ақынның басын қосып, 3000 данамен жарық көрген осынау жыр жәдігерінің әр томы көркем безендіріліп, әр ақынның бейнесі суретшінің қылқаламымен (суретші Алтай Айтжанов) салынған. Антологияны құрастырғандар - Мереке Құлкенов пен Гүлсім Мұқышева. Алғысөзін жазған - ақын Темірхан Медетбек.

Абай-ақпарат. 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347