Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 9861 0 пікір 4 Ақпан, 2015 сағат 08:11

«ТҮРІК ТІЛІ — ТҮРІК ХАЛҚЫНЫҢ ЖҮРЕГІ, ОЙЫ!»

Мұстафа Кемал Ататүрік: «Мен үшін ең ұлы қорғаныс ұясы, ең ұлы көмек көзі — ұлтымның кеудесі. Сондықтан да мен ұлтымның кеудесін ешкімге бастырмау үшін барымды саламын!»

«Мен қажет болса, ұлтым үшін өз өмірімді де қиямын!»

«Ұлтқа қожалық жасауға, қоқаңдауға болмайды! Ұлтқа тек қызмет ету керек! Ұлтқа қызмет еткен адам ғана ұлтқа бас ие бола алады!»

«Түрік ұлты деген сөз — түрік тілі деген сөз. Түрік тілі — түрік ұлтының ең қасиетті, ең киелі, ең иелі қазынасы. Түрік тілі — түрік халқының жүрегі, ақылы һәм ойы!»

«Біздің бәріміз парламент депутаты бола аламыз, министр бола аламыз, тіпті республика президенті де бола аламыз. Бірақ, өнер адамы бола алмаймыз. Сондықтан өнер адамы біздің (биліктегілердің) емес, біз өнер адамының қолынан сүюге тиіспіз!»

«Мен диктатор емеспін. Менде күш бар екендігі айтылып жүр. Әрине, бұл дұрыс. Менің ойға алып, орындамаған нәрсем жоқ. Өйткені, мен зорлықпен және мейрімсіздікпен әрекет етуді білмеймін. Мен адамдарды ренжіту емес, олардың жүрегін жаулап алу арқылы билік жүргізуді қалаймын».

«Біздерді «ұлтшылдар» дейді. Бірақ біз ұлтшыл болғанда да өзімізбен ынтымақтастық жасайтын барлық ұлттарды құрметтейтін, олардың ойынан шығатындай ұлтшылдармыз».

(Берік Уәлидің FB-дағы парақшасынан алынды).

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373