Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6257 0 пікір 3 Ақпан, 2015 сағат 13:20

БЮРОКРАТИЯ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖӘНЕ БРИТАНДЫҚ КӨЗҚАРАС

Біз үшін архаизмге айналып бара жатқан бір сөзді британдық саясаткер қайыра есімізге салып отыр. Бақсақ, «бюрократия» терминін айтып, жазудан алып тастағанымызбен, қазіргі қолданыстағы «коррупция», т.б атаулары оны алмастыра алмайды екен. Әсіресе, электронды Үкімет жұмысы қауырт істеп кеткен кезеңде қоғамдағы қағазбастылық пен құжаттық енжарлықтан осы арылғанымыз – арылғанымыз-ақ шығар дескенбіз ғой...

Олай емес екен. Қазақстандағы Ұлыбритания елшісі Кэролин Браун ханымның аңғаруынша, біздің елдің дамыған отыз елдің қатарына қосылуына кедергі келтіретін себептің бірі... мемлекеттегі бюрократия болуы бек мүмкін. «Біз Қазақстанның 2050 жылдарға дейін әлемдік отыздыққа кіруін қызу қолдаймыз. Бірақ, бұл ел ол мақсатқа мемлекеттік бюрократияны жойып болғасын ғана жетеді. Сондай-ақ, Қазақстандағы нарықтың ашықтығы күмәнді. Осы екі кемшілікті азайту – елді дамыған мемлекеттердің жолына бастайды... » депті елші.

Бұл жердегі сынның садағы елдегі бизнестің дамуына қатысты болса керек. Өйткені, Тұманды Альбионның атқа мінерлері Қазақстандағы бизнестің дамуына дем беріп, қол жетімді нарық жағдайын қалыптастыруға ықпал етпекші. Осы мақсатта «Ұлыбританиялық кәсіпкерлік палата» ашуды көздейді. «Қазақстан нарығында жұмыс істеп отырған британдық кәсіпкерлер жеткілікті. Олардың мүддесін қорғау ағылшын үкіметінің парызы. Британдық кәсіпкерлік палатасының жұмысы Қазақстанның кәсіпкерлік палатасының қызметі сияқты жүзеге асырылады.» деп мәлімдеді Ұлыбритания елшісі Кэролин Браун.

 

Абай.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377