Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
46 - сөз 8504 0 пікір 31 Қаңтар, 2015 сағат 11:31

ОҢАЙ ОТБАСЫ: ФБ-да бір өмір, ТД-да бір өмір...

Теледидар қарай қояйын деп ашсам, бір арна тоқал мәселесін көтеріп жатыр, бір арнадан отбасылық өмір туралы уағыз айтылып жатыр, фб-ға кірсем біреудің күйеуіне, біреудің әйеліне "ғашық" болған жандар. Бір беделді, бақуатты ағам "Бірінші жарым ауырып, төсек тартып жатып қалғанда қайта тұрмайды деді ме, басымды сүйеуге жарамады, жазылып, етек - жеңімді жиып, бизнесімді бастап, ел қатарына қосылдым, қалған көңіл орнына келмей ажырастық, сосын екінші рет үйлендім, ортақ баламыз болмады, соның балаларын бағып, жеткіздім, шетелде оқыттым, туған-туысынан да түгімді аямадым, менің ақшам ғана керек екеніне көзім жетіп, одан да ажырастым, қазір жас қызға үйлендім, сыйлар, түсінер, енді неде болса осымен тұрамын. Ғазиза, екі жақсы құдай қалғығанда ғана қосылады" деп әңгімесін аяқтады. Бақытының баянды болуын тіледім. "Біз баяғыда ренжіскенде төркінге кетпей, әкеңнің туысының үйіне барып, ашу тарқағасын түк болмағандай қайтып келетінбіз." дейді анам. Бір күйеубалам "бірнәрсе болса енем далада жатқан қызым жоқ" деп шығады деп ренжіп отыр. Негізі бір алақаннан шапалақ шықпайды. Екі жақтан да бар. Әйелді сыйлаудың жөні осы екен деп төбелеріне шығарып, тіпті туған шешесін де сыйлата алмай, ағайыннан сырт еткен еркектерді де көріп жүрміз. Әйелді сыйлау мен оның саған өктемдік жүргізгенін шатастырып алып жатамыз. Біраз уақыт бұрын тұрмысқа шыққан бір сіңілім келді, аяғы ауыр, "қателесіппін, оңбаған екен, қызғаншақ, анасы тіпті жаман" деп, менің жаным ашып, әлгілерді тұқымдарымен жек көріп, меннен кейінгі сіңлім "сені байлап қосқан ешкім жоқ, анасымен тұрмайсың оның, кінә сеннен де бар шығар" деп іш жылыта қоймады. Сұраған ақшасында бермеді. Содан қайтып етті. Қазір екі баласы бар, тату - тәтті өмір сүріп жатыр. Тәубә. "Еркіндікке үйреніп қалған басым, отбасылық өмірге бірден көндіге алмаған мен де кінәлі екенмін" дейді кейін. Бір жас келіншек: "күйеуім көзіме шөп салғанын білсем, өлемін" дейді. Жындысың, онда, ана екі балаң кімге қалады дедім. Айта берсең отбасылық өмірдің жыры таусылмайды.
"Табиғат әйелге былай дейді: қолыңнан келсе сұлу бол, қаласаң дана бол, ал, саналы, ақылды болуға міндеттісің" деп жазыпты Бомарше. Сабырлы болуға да міндетті дер едім. Сыйластық пен сенім ғой бастысы. Құдай қосқан қосақтарыңыздан ажыраспай, бақыттарыңыз баянды болсын.
ПыСы: ақылым тасып емес, ойланған түрім ғой...

Ғазиза ҚҰДАЙБЕРГЕН.

(Жазба автордың facebook-тегі парақшасынан алынды)

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036