Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3332 0 пікір 10 Қазан, 2010 сағат 11:49

Шадияр Өстемірұлы. Зинақорлық зауалы

Танымал кәсіпкер, «Бент» АҚ-ның қожайыны Ділмұрат Күзиевтің бауыры - Ділшат жезөкшелер ұясын құрып, заңсыз кәсіп арқылы шаш етектен пайда табам деп ақырында сотталып тынды.

«Ашыққаннан құныққан жаман» дейді мұндай да халық. Алматының Түрксіб аудандық соты Ділшат Күзиевке тағылған ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айыпты да орынды деп тапты. Сыбайластары - қонақүйдің аға әкімшісі Әсемжан Запаров, әкімші Әйгерім Қамзаева мен күзет басшысы Орал Жүніс те құрықталып тиісті жазасын алды.

Танымал кәсіпкер, «Бент» АҚ-ның қожайыны Ділмұрат Күзиевтің бауыры - Ділшат жезөкшелер ұясын құрып, заңсыз кәсіп арқылы шаш етектен пайда табам деп ақырында сотталып тынды.

«Ашыққаннан құныққан жаман» дейді мұндай да халық. Алматының Түрксіб аудандық соты Ділшат Күзиевке тағылған ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айыпты да орынды деп тапты. Сыбайластары - қонақүйдің аға әкімшісі Әсемжан Запаров, әкімші Әйгерім Қамзаева мен күзет басшысы Орал Жүніс те құрықталып тиісті жазасын алды.

ейфуллин даңғылында орналас­қан «Маяк» қонақүйінің (иесі - Ділшат Күзиев) холлы мен дәлізінде 30-40 қыз келушілерге қызмет көрсетуге ұдайы әзір тұрыпты. Олардың сырт келбеті де, киген киімі де көрсететін қызметінен хабар береді. Батыстың жезөкшелерінше, бұтында қысқа белдемше, бетінде баттастырып жағылған опа-далап, денесінде әлем-жәлем шүберек, тағысын-тағылар. Қонақүйде бас-аяғы 48 жезөкше бар болып шықты. Олардың 28-і - Қырғызстанның, сегізі - Өзбекстанның, үшеуі - Тәжікстанның азаматшалары. Тоғызы - өз отандастарымыз. Айтуларына қарағанда, жезөкшелер ұдайы қонақүйде тұрған. Тамақты да сонда ішкен. Бұл үшін әкімшілік 5 мың теңгеден ақы алған.
Ең қорқыныштысы сол, бір жезөкше СПИД індетіне, төртеуі басқа да жыныстық қатынас арқылы тарайтын жұқпалы ауруларға шалдыққан. Қалғандары - түгелдей қотыр. Бұл аурулардың қанша қала тұрғындары мен қонақтарына жұққаны беймәлім.
«Оңтүстік астанада қылмыстық бизнес пен бордель-қонақүй иесінің өзі бірінші рет сотталып отыр. Жезөкшелер ұясы туралы ақпарат бізге бұдан төрт ай бұрын түсті», - дейді қылмыстық топты құрықтауға атсалысқан Алматы қаласы ІІД-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі басқарма бастығы, полковник Валерий Козлов.
Суыт хабарды ести сала Алматы полицейлері дереу ізге түскен. Жасырын аңду шаралары рұқсат етілген соң қонақүй сырттай бақылауға алынған. Клиенттердің түнгі көбелектерді таңдап, ақшасына келісіп, қонақүй бөлмелеріне қалай әкетіп жатқандары бейнетаспаға түсірілген еді.
«Сасқан үйрек артымен жүзеді» демекші, құрыққа түскенін білген қонақүй иесі әрі директоры Ділшат Күзиев қалың темір есігі бар кабинетіне тығылыпты. Есікті сындырып кірген полиция қызметкерлеріне қоқан-лоққы жасап, қарсылық көрсеткен.
Сөйтсе, Күзиев кабинеті мониторға толы екен. Қонақүйдің іші-сыртына түгелдей бейнекамералар қойылыпты. Ол өз кабинетінде отырып, қонақүйге қанша адам келгенін, қанша ішімдік алынғанын, жезөкшелерге қанша ақша төленгенін, саунаға неше адам кеткенін бақылаған.
Сот Запаровты төрт жылға, Қамзаева мен Жүністі екі жылға бас бостандығынан айыруға үкім кессе, қожайын Күзиев 5 жылға темір торға тоғытылды. Оған ашықтан-ашық, еш қорықпастан заң тыйым салған кәсіппен айналысуға не түрткі болды екен? Бауырының байлығы ма, әлде, өз ашкөздігі ме? Ол жағы белгісіз. Бір анығы - заң бұзса, қалталылардың  да жазаға тартылатынын ол ескермеген тәрізді. Көп асқанға - бір тосқан деген - осы да.  Зинақорлық хикаясы мұнымен де бітпейді.
Ғаламдық хабар-ошар құралдары біз туралы талмай талқылап, жаппай жазатын болды. «Біз» дегеніміз - ақшасымен сыртта «жер өртеп», атақ-айбынын, даңқ-дәрежесін жалаулатып жатқан жақсылар мен жайсаңдар. Бұл күндері түріктің газеті мен телеарнасына «Саварона» тақырыбы таптырмас азық.  Әңгіме әйдік кеме төңірегінде. Нақтырақ айтсақ, 1938 жылы Ататүріктің өзі алты апта бойы мекен еткен, сол жерде халқына арнап жалынды лебізін білдірген яхта. Су көлігі - түрік елінің мәдени мұрасы, құнды қазынасы. Осынау мәртебелі мақтанышы жылдар бойғы беделін бір күнде айрандай төкті. Ақ теңізде жүзіп бара жатқан яхтада әскери жасақ жезөкшелік және адам саудасы күдігі бойынша тінту жүргізеді. Сөйтсе, бір кездері Ататүріктің жетекшілігімен небір мемлекеттік маңызы бар қаулы-қарар қабылданған қастерлі орынды әлдекімдер тоят төсегіне айналдырыпты. Олар ТМД аумағынан бойжеткендерді әкеліп, небір жуандар мен бай-бағланға «сыйға» тартқан. Қыздар - кәдімгі жеңіл жүріске түскендер емес, сән орталығында қызмет ететін кербез сылқымдар. Арасында әлі 18-ге толмаған балғын бойжеткендер де бар. «Hurriyet» газетінің веб-сайтында орналастырылған бейнекөрініске қарап-ақ, қыздардың талғамы тоқ адамдарға арналғанын байқауға болады.
Осы басылым, TurizmGuncel және өзге де хабар-ошар құралдары хабарлағандай, операция барысында Тейфик Ариф атты қазақстандық кәсіпкер тұтқындалған. Сондай-ақ, яхтада ресейлік бизнесмендер Арби Гайрабеков, Мұса Бажаев, қазақстандық кәсіпкерлер Әлижан Ибрагимов, Александр Машкевич, Патох Шодиев пен оның көмекшісі Александр Церт болған деседі. Бұлар құқық қорғау орындарына адам саудасы мен жезөкшелікке ешқандай қатысы жоқ екендерін мәлімдеген соң бостандыққа жіберілген. Ал республика прокуроры Юсуф Хаккы Дуан жүргізген тергеуден кейін 6 күдіктінің Анталиядағы жабық түрмеге жіберілген. Бұларға «қылмыстық топ құрды», «бір топтың әрекеті шеңберінде жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі» деген айып таққан. Күдіктілер арасында әлгі Тейфик Ариф те бар. Zaman газеті осы кісі жөнінде мынадай деректер келтіреді. «Кеңес одағы суда министрлігінде 17 жыл жұмыс істеген Тейфик Ариф КСРО тараған соң АҚШ-қа кетті. Нью-Йоркте ең танымал кәсіпкерлердің қатарына кірді. 1990 жылдардың ортасында Бруклинде арзан жыл­жымайтын мүлікті жақсы пайдаланып, атақты бизнесмен Дональд Трамппен бірге құрған компания арқылы атын шығарды. Газет кәсіпкердің Америкадағы атышулы Гамбиньо отбасымен де байланысы бар екенін айта келіп, оның Түркия азаматтығын алғаны жөніндегі деректі алға тартады.
Тергеу амалдары барысында Тейфик мырза тағылған айыпты қабылдамады. Ол Түркияға 15 млрд долларлық инвестиция құйғанын айта келе «Саваронаға» шақырған достарымен демалғанын мәлімдепті.
Біраз жұртты дүрліктірген осы оқиға кезінде қалың көпшілікке Мәскеудегі Черкизов базары арқылы жақсы таныс Тельман Исмаилов та төбе көрсетіп қалды. Ол Анталия сотының ғимаратына барып, Т.Арифпен кездескен. Түрік басылымдары жазғандай, Тельманның оққағарлары кәсіпкерді суретке, камераға бейнелеуге тырысқан журналистерді сілкілеп алған көрінеді.
Тағы бір қызық дерек. Әлгі «Саваронаны» 49 жылға жалға алған Қаһраман Садықоғлы баспасөз мәслихатын өткізді. Тура бір сағат 15 минут сөйледі. Еріксіз мына бір сөзіне құлақ түрдік: «Қазір Францияның оңтүстігіне барыңыз, Мальоркаға барыңыз, Сардинияға барыңыз. Мегаяхталардың ішінде орыс пен қазақтың бизнесмендері өріп жүр. Министрге айттым. Нарықтың бұл саласы орыс пен қазақтың қолында. Олар осындай яхталарда достарымен серуен салып жүреді...»

 

«Жас қазақ» газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379