Саудагерлер сайлаудан тыс қалмады
Қырғызстанда парламент сайлауы аяқталды. Төсекте басы, төскейде малы қосылған бауырлас елдің саяси өміріндегі маңызда оқиғаға Қазақстанда тұрып жатқан қырғыз азаматтары да қатысты. Қазақстандағы қырғыз азаматтарының парламент сайлауына қатысуы үшін Астана мен Алматы қаласынан екі сайлау учаскесі ашылыпты. Алматыдағы сайлау учаскесі Алатау ауданына қарасты қара базардың (Барахолка) жанындағы «Бауыржан» деген кафенің ішінен орын теуіпті. Сайлау учаскесінің маңында әр жерде шоғырланған қырғыз азаматтарының саны едәуір көп болды. Ішке кіріп, дауыс беріп келген ізімен қайтып жатқандары да болды. Алматыдағы №27 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Изясадин Абакиров дауыс берушілердің белсендігі жақсы екенін және тыныш өтіп жатқанын айтты. Бақылаушылар да заң бұзушылық орын алмағанын жеткізді.
Комиссия төрағасы біздегі қырғыз азаматтарының көпшілігі саудагер болғандықтан сайлау учаскесі қара базардан ашылғанын айтты.
Қырғыз азаматтары сайлаудан үлкен үміт күтетіндерін, Қырғызстанның дамуы мен болашағына, тұрақтылығына апаратын алтын баспалдақ деп білетіндерін айтты. Соңғы кездегі Қырғызстанда болған уақиғалардан кейін елдің қажығанын, шаршағанын сөз етті. Бәрі де Қырғызстанның болашағы жарқын болуын қалайды.

Алматы полицейлеріне Қырғызстанның парламент сайлауына байланысты біздегі қырғыз азаматтарының дауыс беруіне кедергі келтірмеуін, оларға соқтықпауын алдын-ала ресми түрде ескертіпті. Полициядан әбден зәтте болып қалған кейбір қырғыз азаматтары сайлау учаскесінің маңынан полицей көргенде үрейленген көрінеді.
Бір байқағанымыз, ана тілдерінде сөйлеген қырғыз азаматтарының ұлтшыл, мемлекетшіл екенін байқадық. Бәрінің айтатыны «мамлекет учин добуш бердик» дейді.
Бәлкім, сайлауға келмеген қырғыз азаматтары да бар шығар деген оймен базарды араладық. Жолай бір саудагерден: «Қырғыздар қайда тұрады?», деп сұрап едік. «Мен қырғызбын» деді. Сайлауға бардыңыз ба десек, «Мен Қазақстан азаматымын. Біздікі «Нұр Отан» ғой» деп күледі. Әлгі отандасымыз да мамлекет учин осындағы қырғыздардың тайлы-таяғы қалмай түгел сайлауға барғанын, сайлауға бармады деген адамды естімегенін айтты.
Айтпақшы, біз барған нөмірі 27-ші сайлау учаскесінде Қырғызстанның парламент сайлауына түсіп жатқан 29 партияның өкілдерінен және қоғамдық ұйымдардан бақылаушылар болды.
Соңғы деректер бойынша, Қырғызстан сайлаушыларының 41,37 пайызы дауыс берген. Ал, шетелдердегі қырғыз азаматтарының 41,7 пайызы дауыс берген.
Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясы әзірге бюллетеньдердің 86,07 пайызын санап бітірді. «Ата Жұрт» партиясы оза шауып келеді. «Шайлоо» атты автоматтандырылған жүйеден алынып алдын ала жарияланған мәліметтер бойынша 2333 сайлау учаскесінің 2008-де берілген дауыс бойынша «Ата Жұрт» 8,58, Қырғызстанның социал демократиялық партиясы 7,99, «Ар-Намыс» 7,03, «Республика» 7,02, «Ата Мекен» 5,96, «Бүтін Қырғызстан» 4,77 дауыс жинап отыр.
«Абай-ақпарат»