Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 5425 15 пікір 6 Сәуір, 2017 сағат 20:57

Ел игілігіне негізделген жаңа дәуірдің жаһандық жолдауы

Еліміздің Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел мен жердің игілігі үшін қалың бұқара халқымызға арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жаһандық Жолдауында, тәуелсіз әрі дархан мемлекетіміздің үшінші жаңғыруына қадам басқаның айрықша атап өтті.

Бұл атаулы әрі толағай құжат Қазақстанның ширек ғасыр ішінде дүниежүзінің алпауыт елдерімен тең дәрежеде иық тірестіре алатын деңгейге жетіп, ел мүддесі үшін бірталай маңызды істерді іске асырды. Сөйтіп, Қазақстанда жаһандық деңгейде дамудың бетке ұстар өзіндік моделі қалыптасты.

Қазіргі таңда елжанды отандастарымыздың көкірегінде өз еліне деген шексіз мақтаныш пен ризашылық сезімі орнап, ел келешегіне зор сеніммен қарауда. Бұны есту мен білудің өзі «ел десе, ішкен асын жерге қоятын» халқым үшін бір ғанибет.

«Халқым – қазынам, қазаным» демекші, аталған Жолдау қазіргі жаһандық дағдарысты тиімді жолдармен еңсеру мақсатында түрлі ұсыныстар енгізіп, ел экономикасын дамытып, әлеуметтік хал-ахуалын тұрақтандыру мен қауіпсіздігін күшейтуге жаңа серпін мен дем беріп, жағымды ықпал етері сөзсіз.

Осыған орай, Елбасымыздың Жолдауында көзделген бес негізгі басымдықтардың ішіндегі ел қауіпсіздігін күшейтуге арналған үшінші басымдығына жеке тоқталып кетсем.

Аталған басымдықта, бүгінгі күннің әлем сахнасында белең алған «терроризм мен экстремизм» деген ғасыр іңдетімен белсенді күрес жүргізу мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы өз Жолдауында, «Бұл ретте деструктивті күштерді қаржыландыратындарға, шетелдік террористік ұйымдармен байланыс жасайтындарға қарсы күрес жүргізу ісі негізгі мәселе болып саналады», деп атап өткен болатын.

Сонымен қатар, Жолдауда ғаламтор мен әлеуметтік желіні экстремистік әрекеттерге тарту мен дәстүрлі дінге жат идеологияны насихаттау құралы ретінде пайдаланатын лаңкестердің жолын алдын ала кесіп, нақты тойтарыс беру жұмыстары айқындалған.

Осы орайда аса маңызды әрі ерекше назар аударалық жәйт, Елбасымыз дін саласындағы кез келген радикалды көқарастың салдарынан пайда болған олқы әрекеттерге «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру жайлы сөзі.            Сондай-ақ, Жолдауда бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан сотталушылардың діни сауаттылығын арттыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізу мен болашақ ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру мақсатында қосымша қадамдар жасау, сондай-ақ мемлекеттік емес сектор мен діни бірлестіктерді тарту жөнінде нақты ұсыныстар мен іске асыру жобалары орын алған.

Қазіргі таңда, ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша аталған ұсыныстар, «Қазақстан Республикасындағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2017 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада» толыққанды ескеріліп, қарқынды түрде жүзеге асатынына еш күмәнім жоқ.

Қорыта келе, бүкіл Қазақстан халқына зор жауапкершілік пен күш-қуат талап ететін Елбасымыздың Жолдауы, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген дана халқымыздың қанатты сөзін басшылыққа алып, ел болашағы мен игілігі үшін жаңа дәуірдің жаһандық Жолдауында көзделген барша міндеттерді еселі еңбек, бірлік пен ынтымақ арқасында жүзеге асыра алатынымызға кәміл сенемін.

Сондықтан да Елбасы Н.Ә.Назарбаев халқына жолдаған биылғы Жолдауында, «Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді», деген сөзін жадымызға түйіп, ел ырысы үшін қызмет етіп, артылған игі бастамалар мен ізгі үмітті ақтауға бар күшімізді салғанымыз абзал.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

Әбуов А.П.

ҚР ДІАҚМ ДІК Мәдениеттер мен діндердің халықаралық

орталығының директоры, ф.ғ.д. профессор

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345