Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5758 5 пікір 6 Сәуір, 2017 сағат 21:18

Тегіңді сақта, етегіңді қымта!

Құрметті арлы да ибалы қазақ қыздары! Əне-міне дегенше қыс артынан зымырап көктем мезгілі де жетті. Көктем-жаз айлары күннің аптап ыстық мезгілі болғандықтан адамның жеңіл киінуі заңды құбылыс.

Əйткенмен, осы мезгілде қыз балалардың əдеттен тыс жартылай жалаңаштанып, бей-берекет ашық-шашық киінуі əрине ұятты іс əрі денсаулыққа да аса зиянды.

Мына бір естіген оқиға есіме түсіп тұрғаны. Бір басшы ханымға қасындағы қызметкер ер кісі: "Көктем келді. Іштегі кейбір тізесінен киімі жоғары кеткен қыз балаларға дұрыс киінуді ескертсеңіз", - деп өтініш етеді. Сондағы басшы ханымның қызметкеріне айтқан жауабы мынау екен: "Еркектер өзінің нəпсісіне ие болсын. Жазда мұнан да ашық киінеміз". Мұндай сөзден қандай тəрбиенің ұшқынын көріп тұрсыз?! Бұл - арсыздық пен ұятсыздыққа басталған алғашқы қадам емес пе?!

Бұған қатысты халқымыз: "Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді", - деп айтқан. Қанатты сөзді түсінгенге талқылап жатпайын... Ал аузынан жөні түзу сөз шықпаған немесе сөзі мен ісі сай емес əлгіндей жандарға не айтасың?!

Атам қазақтың қызына бұлай тəрбие бермегені сіз бен бізге бесенеден белгілі. Қыз баланы қырық үйден тыйып: "Есті қыз етегін қымтап ұстайды" деп тəлім көрсеткен.

Тіпті "Ұлыңды бөтен үйден тойдырма, қызыңды бөтен үйге қондырма" дейді. Сондықтан қоғам ішінде қазақтың қыздары ардан аттап, ұятты ұмыт қалдыруына жол бермеуі керек. Сондай-ақ, "жаным арымның садақасы" деп білген жандардың құқықтарына құрметпен қарап, етек-жеңімізді жабатындай дұрыс киіну қажет.

Жаз мезгілдерінде сыртында қорғанышы жоқ əрі арзан конфеттің құрт-құмырсқаға тез-ақ жем болғанын кездестіре аламыз. Алайда құнды бағалы конфет əдемі қағаздармен оралып, өзгенің көзі түспейтін биік орындарда тұратыны бəрімізге аян. Бұл бір мысал.

Екінші, сонау замандары əжелеріміз күндіз былай тұрсын, қараңғы қою түнде "періште қашады" деп шашын да ашық қалдырмауға тырысқан екен. Не деген имандылық десеңізші?!

Осындай текті халықтың ұрпағымыз ғой. Сол үшін қазақ қыздары тектілігіңді сақтағың келсе, етегіңді қымтап ұста. Желге де, бөтен көзге де аштырма.

Бір-бірімізбен бөлісіп қыздарымыздың арлы болып, ұятты киінуіне ат салысайық, бауырлар!

Қайырбек Отызбаев, дінтанушы

Facebook-тегі парақшасынан

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406