Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3636 1 пікір 9 Сәуір, 2017 сағат 22:36

Елімізде ұшақ бағасы әлі де қымбат болып тұр

Елімізде ұшақ бағасы әлі де қымбат болып тұр. Бизнес, халық қатынасы үшін әсіресе біз сынды территориясы бар елге аса маңызды. Министр Жеңіс Қасымбектің ақпараты бойынша, билет бағасының 30% керосин құрайды, ал қазір керосиннің 60% импорттайды екенбіз. Жылдың соңына дейін бұл дефицитті ликвидация жасаймыз депті. Яғни, билет бағасы арзандауы тиіс. Министр уәдесі осы. Уақытын өтсін, нәтижесін күтеміз.

Біріншіден, осыған дейін төртінші мұнай өңдеу зауытын неге салмағанымыз өзіме мүлде түсініксіз. Елдегі жыл сайынғы дефицит жағдайында мұны әлдеқашан шешуіміз тиіс еді.

Екіншіден, бәлкім әуе кеңістігімізді ашық деп жариялауымыз қажет шығар. Әрине, бұл күрделі сұрақ, мамандар арасында әбден талқылануы тиіс. Десе де конкуренция болмай ештеңе де болмайтынын білеміз. Қараңызшы, Bek Air коммерциялық рейстер бастағалы баға саясатына біраз өзгеріс алып келді. Қай елдің болмасын әуекомпаниясы ішкі рейсті аламыз десе мүмкіндік беру қажет шығар. Ой ретінде ұсынамын. Мысалы, лоукостерлер қызығушылық танытады деп ойлаймын.

Үшіншіден, осы жаздан бастап Венгриялық WizAir елімізге қатынайтын болады. Ерте алсаңыз билет бағасы 40$ болуы мүмкін. Оның алдында Қытаймен біраз келісімдер болды. Варшава, Хельсинки бағытында да рейс ашылмақ. Құптарлық жайт. Өйткені, инвесторлар, отандық бизнес, туристтер үшін бұл сөзсіз пайдалы.

Бастысы, билет бағасы халықтың табысына сай болса дейсің. Онсыз да ел азаматтары табысының 45.5 % тек азық-түлікке жұмсайды.

Руслан Желдібай

Facebook-тегі парақшасынан

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435