Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2661 0 пікір 13 Қазан, 2010 сағат 10:04

Сенатор Иран Әміров: Жарты миллиард ұрламасаң отырғызбайды

Танымал «закон.кз» порталында экс-министр Жақсылық Досқалиевтың айналасындағы жағдай туралы сенатор Иран Әміровпен сұхбат жарияланыпты. Сенатордың аузымен айтылған кейбір жайлар оқырмандарымыз үшін қызық болуы мүмкін деп шешкендіктен, сұхбатты ықшамдап аударып беруді жөн санадық.

- Иран Әмірұлы тәуелсіз медкомиссияның қорытындысына сенер болсақ, Досқалиевтың қазіргі жағдай осыған дейін қойылған диагнозға сай емес екен. Бұны қалай түсінуге болады? Кімге сенуге болады деп сұрап жатыр біздің сайттың тұтынушылары? Дәрігерлерге ме, Бас прокурорға ма, әлде Досқалиевқа ма?
- Тәуелсіз медкомиссияға сенген дұрыс болар. Кәсіби мамандар ғой, бірдеңені білетін болар. Бірақ мені басқа нәрсе алаңдатып отыр. Егер осыған дейін қойылған диагноз жалған болып шықса, неге Досқалиевты медициналық орталықта ұстап жатыр? Кешеге дейін неге ұстап келді? Яғни оның денсаулығын нашар деген сөз ғой бұл. Сондықтан, кімге сенуге болатынын білмеймін, медкомиссияға сенген дұрыс болар, қандай комиссия болса да.
- Жаңалықтарда комиссияның құрамында негізінен Ресейден келген денсаулық сақтау мекемелерінің профессорлары деген ақпарат жүрді..
- Біздікілер емес пе? Онда сенуге болар...

Танымал «закон.кз» порталында экс-министр Жақсылық Досқалиевтың айналасындағы жағдай туралы сенатор Иран Әміровпен сұхбат жарияланыпты. Сенатордың аузымен айтылған кейбір жайлар оқырмандарымыз үшін қызық болуы мүмкін деп шешкендіктен, сұхбатты ықшамдап аударып беруді жөн санадық.

- Иран Әмірұлы тәуелсіз медкомиссияның қорытындысына сенер болсақ, Досқалиевтың қазіргі жағдай осыған дейін қойылған диагнозға сай емес екен. Бұны қалай түсінуге болады? Кімге сенуге болады деп сұрап жатыр біздің сайттың тұтынушылары? Дәрігерлерге ме, Бас прокурорға ма, әлде Досқалиевқа ма?
- Тәуелсіз медкомиссияға сенген дұрыс болар. Кәсіби мамандар ғой, бірдеңені білетін болар. Бірақ мені басқа нәрсе алаңдатып отыр. Егер осыған дейін қойылған диагноз жалған болып шықса, неге Досқалиевты медициналық орталықта ұстап жатыр? Кешеге дейін неге ұстап келді? Яғни оның денсаулығын нашар деген сөз ғой бұл. Сондықтан, кімге сенуге болатынын білмеймін, медкомиссияға сенген дұрыс болар, қандай комиссия болса да.
- Жаңалықтарда комиссияның құрамында негізінен Ресейден келген денсаулық сақтау мекемелерінің профессорлары деген ақпарат жүрді..
- Біздікілер емес пе? Онда сенуге болар...
- Сіз Бас прокурорға Досқалиевты қорғаған депутаттық сауал жолдап, соған қол қоюшылардың бірісіз. Қазір сол құжатқа қол қойғаныңыз үшін өкінбейсіз бе? Қарапайым адамдар депутаттар ұрылар мен қылмыскерлерге «крыша» болып жатыр деп ойлап жүр ғой.
- Мен ешкімді қолдаған жоқпын, тек бір сауалдың астына қолымды қойдым: егер Досқалиев қамауға алынған болса, неге оған тиісті медициналық көмек көрсетілмеді? Егер оған қажетті көмек көрсетілгенде дәл бүгінгідей халге түспес еді ғой. Міне осы сұрақты ғана қойып, астына қолымды қойдым.
Жоғары лауазымды адамдардың тарапынан жасалып жатқан қылмыстар аз емес. Неге, мысалы, Әбілязов миллаирдтап ұрлайды да, бостандықта жүреді? Істің материалдарына қарасақ, заңгер және бұрыңғы судья ретінде айтайын, Досқалиев қылмыс жасаған, бірақ оны қызметтік бабын асыра пайдаланған емес, пара алған деп квалификациялау қажет. Досқалиевтың адвокатының ақпарына назар аударсақ, ол ешкімнің мүддесіне, әсіресе мемлекеттің мүддесіне, қайшы келген жоқ. Бүгін таңертең естігенім, қаржы полициясы оған тек қана қызметтік бабын асыра пайдаланғаны үшін ғана емес, аса ірі мөлшердегі пара алған деген айып тағыпты. Бұларын дұрыс деп бағалауға болар.
Немесе бұрыңғы Статистика жөніндегі агенттіктің төрайымын алайық. Санақ кезінде миллиондаған қаражатты қымқырып, бүгін бәрінен қашып жүр. Неге ол тиісті жазасын алмайды? Неге оны ұстап алып қамамайды? Бұндай мысалдарды көптеп келтіруге болар.
- Досқалиев Канадаға қашып, сол жақта бас сауғаламақ болды деген қауесет бар...
- Егер ол шынымен де қаржы полициясынан сескенген адам болса, баяғыда қашып кетер еді. Мен оны талай жылдан бері білемін, бірге аудан, облыс деңгейінде жұмыс істедік. Ол өте инбатты адам, жақсы дәрігер, осыған дейін де министр болды. Оның Канадаға барып, сол жақта қалып қалып қоюға бел байлағанына өз басым аса сеніңкіремеймін. Білуімше, баспасөзде Канадаға Досқалиев жалғыз өзі емес, үлкен комиссияның қатарында жолсапарға шығайын деп жатыр деген ақпарат тараған болатын...
- Парламентке келер алдында сіз көп жылдар бойы судья болдыңыз. Айтыңызшы, егер Досқалиев мемлекетке келтірген барлық  зиянын қалпына қойып, пәтерлерді қайтарса, оған кешірім жасалып , қайтадан дәрігерлік қызметіне оралуына, адамдарды емдеуге мүмкіндік беріле ме, жоқ па? Қалай ойлайсыз ба?
- Оған тағар айыпты сот шешеді, мен ол үшін ештеңе дей алмаймын. Егер Досқалиевты айыпты деп тапса, сот оның қызметтік жолын, жақсы мінездемелері мен кәсіби деңгейін де ескеруге міндетті. Айрықша жағдайда бұлар жазаны жұмсартатын фактор болуы ықтимал.
- Ал Досқалиевтың жағдайын айрықша деуге бола ма?
- Неге болмасқа? Мұндай жоғары дәрежелі хирургтар Қазақстанда саусақпен санарлық. Ол барлық кінәсін жуып-шайып, барлығын қайтарады деп ойлаймын. Тергеу органдары оның дүние мүлкін  тәркілеу үшін керекті құжаттарды  дайындап тастаған да болар. Досқалиевтың мынадай жағдайға түсуі аянышты...
- Біздің оқырмандардың пікірінше, бүгін кез келген министрді қолынан жетектеп, сотқа апаруға болатын көрінеді. Бұған не дей аласыз?
- Дәл осылай кесіп айтуға болмас... Парламенттің өткен сессиясының жабылар сәтінде, 2009 жылдың бюджетін қайта бекіткен кезде, жақында осы жылдың бюджетіне қосымша 131 миллиард теңге бөлген кезде де мен әрбір қоғамдық экономикалық формацияның өз ерекшеліктері бар деген болатынмын. Кеңес билігі тұсында он мың рубльден астам қаржы жымқырғандарға қатысты аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген бап болатын. Сол бап бойынша кезінде талай адам жазаланған еді. Олардың біразы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылып, кейбіреулерін тіпті атып та тастапты. Барлық істер соңына дейін жеткізілетін. Ал біздің кезде жарты миллиард ұрламасаң отырғызбайтын, қылмыстық іс қозғамайтын болды.
Өңшең көзбояушылық. Игерілмеген 131 миллиард теңге! Олар қалай игеріліп, жұмсалып жатыр? Тендерлер қалай өтіп жатыр? Барлығын да көріп жүрміз. Он, жиырма, отыз пайыз «откат» бермесең ешбір тендерді ұта алмайсың. Барлығы осыдан басталады. Тексеруден өтіп қабылданған көпірлер құлап, салынған жолдар тозып, көтерілген үйлер қирап жатыр. Тапсырыс берушілер «откатын» алып алған соң орындаушылардан ештеңені де талап ете алмайды. Бәрімізде осыны біле отыра, аузымызды ашпаймыз. Қазақта жақсы мақал бар; «Ауруын жасырған өледі» деген. Неге біздің қоғам осындай ауруларын жасыруы керек? Барлығын да қатаң түрде тексеріп, кінәлілерді аяусыз жауапқа тарту қажет. Өкінішке орай, депутаттардың көбісінің көзқарастары мұндай емес.
- Досқалиевқа қарсы қылмыстық іс осыдан біраз жыл болған оқиғалар бойынша қозғалыпты. Неге олар тек бүгін ғана шығып отыр? Біздің құқыққорғаушылар осыған дейін не істеді? Олардың тап бүгін кенеттен әбжілдік танытуы күлкілі емес пе?
- Өкінішке орай, біздің елде лауазымды тұлғаны жауапкершілікке тарту жай ғана жауапкершілікке тарту емес. Бұл нағыз саясат болып кетті. Естуімше, Досқалиевқа тағылған айыптар оның Медакадемияны басқарып отырған кезеңіне қатысты. Бұл 2005-2006 жылдар. Досқалиевтың сол жылдары  жасаған істерінің беті тек осы жылы ғана ашылып отыр...
- Яғни, сіздің ойыңызша, Досқалиевқа компромат баяғыда дайындалып, қажетті сағатын күтіп отырған ғой, сірә?
- Мүмкін. Уақыты келгенше барлығы бір папкаларда жатқан болар.
- Әрбір министрге осындай досье бар ма?
- Білмеймін. Бірақ, тендерлердің қалай өтіп жатқанына қарасақ, барлық министрге осындай папка бар болар.
- Сіз министерлердің тендерге қатысы бар деп ойлайсыз ба?
- Енді министр тендердің қалай өткенін білмейді деп ойлайсыз ба? Президентіміз талай рет командалық басқару жүйесін тыйыңдар деп ескертті. Алайда кез келген министр міндетті түрде өзінің командасын соңынан шұбыртып, жазықсыз жақсы мамандарды жұмыстан қуып жатады. Олардың орнына министрлердің жақындары, таныстары келіп жатады. Бұл құпия емес.
- Досқалиевтың ісіне қатысты дәрігерлерге қарсы қылмыстық іс қозғалуда. Олар оның шынайы жағдайын адами тұрғыдан және Досқалиевтың өтініші бойынша жасырып келдік дегенді айтып отыр. Ол кезде Досқалиев министр болатын. Олардың өз басшыларының, әсіресе министрдің өтінішін қабыл алатыны түсінікті ғой. Осы тұрғыдан алғанда дәрігерлерге қарсы қылмыстық іс қозғау қаншалықты қисынды?
- Бұл заңи емес, адами мәселе. Ұлттық медорталық директорының орынбасары Әлібек Мұстафин Досқалиевтың денсаулығы нашар деп теледидардан бірнеше рет мәлімдеме жасады. Ал қазір ол өзгеріп шыға келді. Досқалиевтың денсаулығы да, тағдыры да оған бәрібір сияқты.  Ол министр болып тұрған кезде әңгімесі басқа еді, бүгінгісі тіпті басқаша. Мен осындайды түсінбеймін. Қандай заман, қандай іс болса да бәрі адамға байланысты ғой.
- Бәлкім оған қысым жасалған болар?
- Адамға қандай қысым жасалса да, ол адам болып қалуы тиіс. Әсіресе ол адам дәрігер болса...

 

Торгын НУРСЕИТОВА,

nurseitova@zakon.kz,

nurseitova@mail.ru

http://www.zakon.kz/top_news/186710-senator-iran-amirov-poka-polmilliarda.html

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435