«Азат» партиясының мәлімдемесі
«АЗАТ» ЖСДП-ның Үкіметтің экономикалық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға бөлінген бюджет қаржысының игерілуі жөнінде есеп беру қажеттігі туралы мәлімдемесі
Биылғы жылы үкімет 130 миллиард теңге көлеміндегі бюджет қаржысын игере алмай қалды. Бұл - Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған жағдай. Ең сорақысы, игерілмеген қаржы әлеуметтік маңызы зор әрі жағдайы онсыз да ушығып тұрған білім беру және денсаулық сақтау салаларының үлесінде екен. Яғни, бұл - маңызды әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламалар жүзеге аспай қалды деген сөз.
Бюджетті жоспарлау барысындағы жөнсіздіктер өз алдына, бөлінген ақшаның бақылаусыз және тиімсіз жұмсалуының өрескел мысалдары көбейіп барады. Үкімет 2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде «2010 жылы Қазақстан халқы тұтастай таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі» деп мәлімдегені белгілі. Ал бұл шаруаға 335 миллиард теңге қаралған болатын. Бағдарламаның жүзеге асу мерзімі аяқталды. Алайда, еліміздің көптеген елді мекендерінде суға қатысты инфрақұрылым жақсару орнына, керісінше, одан сайын күйретіліп, тоз-тоз боп кетті. Тәуелсіз сарапшылардың мәліметтеріне сүйенсек, қазақстандықтардың 90 пайызы күні бүгінге дейін сапасыз суды тұтынуға мәжбүр болып отыр екен.

Енді міне, үкімет бұрын бөлінген қаржының қалай жұмсалғанына есеп берместен, «Ауыз су» бағдарламасының бірден 2020 жылға дейін ұзартылғанын, оған жыл сайын бюджеттен 90 миллиард теңге бөлінетінін мәлімдеп отыр. Алайда, осы триллион теңгеге жуық қаржының да мақсатсыз пайдаланылып, құмға сіңген судай болмасына кім кепілдік береді?!
Бір айта кетерлігі, «Ауыз су» бағдарламасының сегіз жылдық шығыны алты күнде өте шығатын Азиада-2011 қысқы ойындарының құнымен пара-пар болып отыр. Осы қысқы ойындар үшін салық төлеушілер 234 миллиард теңге шығындамақ. Жарыстың әр күніне 39 миллиард теңгеден жұмсалса, тек ашылу және жабылу салтанаттарына 7 миллиард теңге жұмсалмақшы! Спортты дамытудың маңызы аса зор, алайда, мұны жалпы халықтың игілігіне жұмсалуы тиіс қаржының есепсіз әрі тиімсіз жұмсалуының тағы да бір мысалы демеске лаж жоқ.
Соңғы он жыл көлемінде Қазақстанда елуге жуық ұлттық бағдарлама қабылданған екен, алайда олардың бірде-бірі толықтай орындалмаған! Импорт орнын басу, индустриалдық-инновациялық даму, одан басқа да толып жатқан серпінді даму жобаларына ондаған миллиард қаржы қарастырылғанына қарамастан, бәсекеге қабілетті бірде-бір қазақстандық өнім шығарылған жоқ. Ал импорттың озбырлығы салдарынан біздің еліміз шикізат отарына айналып отыр.
Осы жайттарға сүйене отырып, «АЗАТ» ЖСДП, үкіметтен экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға қарастырылған мемлекет қаржысының игерілуі туралы көпшілікке есеп беру тәжірибесін енгізуді талап етеді.
Қазақстанның шетелден алып жатқан займдары төңірегінде де есеп берілуі қажет. Себебі, дағдарыс кезінде ол қарыздардың 110 миллиард долларға жетіп, жылдық ІЖӨ көлеміне жеткені мәлім. Әсіресе, Қытайдан алынған 15 миллиард доллардың тағдыры туралы ашық әңгіме әлі қозғалған жоқ. Дәл осы проблема кезінде елдегі қоғамдық-саяси жағдайдың біршама шиеленісуіне себеп болғаны баршаға аян.
Алматы, 2010 жылғы 12 қазан.
«Абай-ақпарат»