Сейсенбі, 8 Қазан 2024
3507 2 пікір 18 Сәуір, 2017 сағат 10:10

ФСБ: Петербургтегі терактіні ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

epa05886221 A handout photo made available by megapolisonline.ru via VKontakte (VK) shows a damaged train station shortly after an explosion in a metro of Saint Petersburg, Russia, 03 April 2017. According to reports, at least 10 people were killed and dozens injured in an explosion in the city's metro system. The cause of the blast was not immediately known. Russia's National Anti-Terrorist Committee said that the explosions hit a train between Sennaya Ploshchad and Tekhnologichesky Institut stations, media added. EPA/megapolisonline.ru HANDOUT -- BEST QUALITY AVAILABLE -- HANDOUT EDITORIAL USE ONLY/NO SALES/NO ARCHIVES

Мәскеу облысының Одинцово ауданында Санкт-Петербург метросында болған терактіні ұйымдастырды деген күдікті ұсталған. Бұл жөнінде ФСБ-ның қоғаммен байланыс орталығы хабарлады.

Онда 1990 жылы туған Аброр Азимов деген азаматтың ұсталғаны айтылады. Ол Орталық Азияның тумасы. ФСБ мәліметі бойынша, ол Акбаржон Джалиловты терактіге дайындаған. Азимовті Тергеу комитетіне жеткізген.

3 сәуірде Петербург метросының вагонында теракт болып, 14 адам қаза тапты, 50-ге жуығы жараланды. Әзірге бірде-бір топ оқиғаны мойындарына алмады. Тергеу ісі терактіні жасаған 22 жастағы Ресей азаматтығы бар Қырғызстан тумасы Акбаржон Джалилов деп отыр.

6 сәуірде Тергеу комитеті Петербургте және Мәскеуде терактіге күдікті сегіз адамның ұсталғанын хабарлаған.

Абай-ақпарат

2 пікір